Ақтамберді Сарыұлы «Балаларыма өсиет» толғауы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 17-сабақ.
2-тапсырма Ж/ЖЖ/ТЖ.
«Балаларыма өсиет» өлеңін түсініп оқыңыздар. Өлең туралы ойыңызды жұппен бөлісіңіз. Өлеңдегі жырау өсиеттерін ментальді картаға түсіріңіздер.
Балаларыма өсиет
Балаларыма өсиет,
Қылмаңыздар кепиет,
Бірлігіңнен айрылма,
Бірлікте бар қасиет.
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке.
Араз болсаң алты ауыз,
Еліңе кірер әреке.
Талпынып салдым егінді,
Ішсін деп әркім тегінді,
Ақылың барың ұғарсың,
Ойың болса сезімді.
Тоқсанға жас келген соң,
Өлім жақын көрінді.
Бар арманым, айтайын,
Батырларша жорықта
Өлмедім оқтан, қайтейін!
Ел аман болсын лайым,
Тілегім берді бәрін де,
Разымын, құдайым!
3-тапсырма ЖЖ.,ТЖ.
Жұбыңызбен «Оқырман пікірі» стратегиясы бойынша жұмыс жасаңыз. Талдау аяқталғаннан кейін, өз ойларыңызды топпен «Дастарханға» түсіріңіздер.
Мәтін мағынасына байланысты қойылатын сұрақтар:
- Сізге ұнаған жолдар қайсы?
- Сіздің ойыңызша, толғаудағы ең маңызды мәселе не?
- Толғауда сізді таңғалдырған жолдар болды ма?
- Толғауда қандай кейіпкерлер бар?
- Кейіпкер туралы автор ойына қосыласыз ба?
Шығарманың тақырыбына байланысты қойылатын сұрақтар:
- Толғау тақырыбы мазмұнға сай деп ойлайсыз ба?
- Толғауды қайта жазатын болсаңыз, қандай жаңалық қосқан болар едіңіз?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?