Ақтамберді Сарыұлы «Балаларыма өсиет» толғауы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 17-сабақ.


https://everything.kz/article/28410019-balalaryma-siet

Ақтамберді Сарыұлы

«Балаларыма өсиет» толғауы

Балаларыма өсиет,

Қылмаңыздар кепиет,

Бірлігіңнен айрылма,

Бірлікте бар қасиет.

Татулық болар береке,

Қылмасын жұрт келеке.

Араз болсаң алты ауыз,

Еліңе кірер әреке.

Талпынып салдым егінді,

Ішсін деп әркім тегінді,

Ақылың барың ұғарсың,

Ойың болса сезімді.

Тоқсанға жас келген соң,

Өлім жақын көрінді.

Бар арманым, айтайын,

Батырларша жорықта

Өлмедім оқтан, қайтейін!

Ел аман болсын лайым,

Тілегім берді бәрін де,

Разымын, құдайым!

[attachment=28320:aza-debieti_8-synyp_1-tarau_17-saba_-didaktikaly-material_2-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу