Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 1-сабақ.
1-тапсырма. Қорқыт Ата кітабының қанша нұсқасы, қай елдерде сақталған? Сәйкестендіріңіз.
12 нұсқа | ВАТИКАНДА | |
6 нұсқа | ДРЕЗДЕНДЕ |
2-тапсырма. Қорқыт Ата кітабы қай ғасырдың ескерткіші?
а) VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы
ә) V ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы
б) ХVIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы
в) ХIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы
3-тапсырма. Кітаптың 1300 жылдығы ЮНЕСКО тарапынан халықаралық деңгейде қай жылы атап өтілді?
а) 1999 жылы
ә) 1899 жылы
б) 1799 жылы
в) 2019 жылы
4-тапсырма. Соңғы уақыттағы зерттеулер бойынша, жырдың басты кейіпкері Қорқыт қандай тұлға?
а) фольклорлық
ә) мифтік
б) аңыздық
в) тарихи
5-тапсырма. Қорқыт Ата кітабының көрнекті зерттеушілері кімдер, олардың аты-жөндерін жазыңыз.
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
6-тапсырма. Қорқыттың 12 жырының атауын есте сақтаңыз! Атауларға ортақ ерекшеліктер байқала ма?
1.Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жыр
2. Қазан-Салордың ауылын жау шапқаны туралы жыр
3. Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр
4. Қазан бектің баласы Ораз бектің жауға қалай тұтқын болғаны туралы жыр
5. Тоқа баласы ержүрек Домрул туралы жыр
6. Оғыз қаңлы баласы Қан-Төрәлі жайындағы жыр
7. Оғыз қазылық баласы Иекенк туралы жыр
8. Төбекөз дәуді өлтірген Бисат туралы жыр
9. Бекіл ұлы Әмран батыр туралы жыр
10. Оғыз ұшан баласы Секрек туралы жыр
11. Қазан-Салордың жауға тұтқын болғаны және оны баласы Ораздың азат етуі
12. Сыртқы оғыздардың ішкі оғыздарға қарсы бас көтеруі және Байрақтың қалай өлтірілгені туралы жыр
Жыр атауларына ортақ ерекшеліктер:
...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?