Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 22-сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: І Дананың сөзі – ақылдың көзі Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау; |
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
|
Бағалау критерийлері | 1. автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасын анықтайды; 2. тілдік көрінісіне талдау жасайды; |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Толғаудағы жыраудың өз бейнесіне, әмірші бейнесіне, ондағы елдік мұраттың бейнелену ерекшелігіне талдау жасайды. Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология:, толғау, автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасы, толғаудағы тілдік көрінісі т.б. Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, авторлық қолданыс, мен ... ойлаймын т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Құрметтеу: топтық, жұптық жұмыста оқушыларды өзгенің пікіріне құрметпен қарауға баулу. Әділдік: топ мүшелерінің бірін-бірі бағалау кезінде академиялық адалдық қағидасын сақтауға баулу. |
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихымен байланыс. Шалкиіз жырау қазақ пен ноғайлы хандарымен, соның ішінде ноғайлының билеушісі Би Темірмен жақын араласқаны белгілі. Музыкамен байланыс. Б.Тілеуханның орындауындағы Шалкиіз толғауын тыңдатуға болады. |
Алдыңғы білім | Ақтамберді, Шалкиіз жыраулардың толғауларымен танысып, «Би Темірге бірінші толғаудың» мазмұнын толықтай меңгерді. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-3 4-8 9-10 | 1. «Жұбыңды тап» жаттығуы. Мұғалім жаттығу шартын түсініреді: оқушылар дөңгеленіп тұрады, жетекші 3-ке дейін санайды, «1» деген кезде барлық оқушы басын төмен қаратады, «2» дегенде көздерімен жұптарын іздеп, бір-біріне белгі береді, «3» дегенде жұптасуға келіскендер бір-бірінің қолдарынан ұстайды. 2. Өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру. ЖЖ. «Глоссарий» стратегиясы Тапсырма: тізімде берілген сөздерді бір қарап шығып, мәтінмен байланысты болуы мүмкін дегенін белгілеп қойыңыз. Толғауды қайтадан оқып шығып, тізімге оралып, олардың мағынасы мен мәтіндегі қолданысын қайта қараңыз.
Жұптар бір-бірінің жауаптарын тексеріп бағалайды. 3. Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. | МД слайд кестелер, таратпалар | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 11-15 16-20 21-28
29-31 | 4. Т. Оқушыларға толғау мәтіні таратылады. «Әмірші» және «Жырау» бейнесін ашатын тапсырмаларды топ мүшелері ақылдасып таңдайды. Әрқайсысына қатысты сипаттамаларды мәтіннен тауып, тілдік көрінісін талдайды.
Талдаудың түйіні: «...Жалпы, Би Темірге қарата айтылған осы екі толғауда өте дарынды жыраудың қайсар бейнесі мен текті батырдың алып тұлғасы айқын көрінеді. Шалкиіздің ақындық таланты қайтпас батыржыраудың образын айшықтаған. Мұндағы батыржырау өзінің тектілігі мен кемеңгерлігі жағынан әміршіден асып түспесе, кем түспейді, ол ержүректілік пен қаһармандылықтың, парасаттылықтың эталоны, көркемделген шыңы болып көрінеді. Сырттай қарағанда Би Темірді мақтапмарапаттаған болып көрінетін жолдар, шынтуайтына үңілсек, әміршіні дәріптеуден гөрі жыраудың өз бейнесін аша түседі, оны толығырақ сипаттайды. Бұл жолдарда әмірші қаншалықты жоғары көтеріле көрсетілсе, жырау да өзін соншалықты биіктете түседі, сөйтіп, жасырын тұрған «әмірші мен жырау» деген оппозициялық ой өте шебер, көркем әрі нәзік айтылады». С.Қасқабасов. Қабілеті жоғары оқушылар Мәтіндегі «Мен» сөзінің қолданысын талдайды: бұл жерде жырау «мен» деу арқылы өзінің қоғамдағы орнын аңғартып тұрғанын, «меннің» ар жағында халықтық «біз» ұғымы жатқанын түсіндіре алуы керек. Қабілеті төмендеу оқушыларға bilimland.kz курсынан тақырыпқа қатысты тест тапсырмаларын орындатуға болады. Дескриптор
5. Кері байланыс. | Б.Тілеуханның орындауындағы Шалкиіз толғауы kz/kk/courses/ | ||||||||||||||||
Сабақтың аяғы 32-35 36-40 | 6. Спикер сөзімен тұжырымдау: «Би Темір бейнесін сомдаудағы автор көзқарасымен келісесіз бе?» Спикер сөзінің үлгісі: 1. Менің ойымша, Би Темір бейнесі ... 2. Ойымды былай дәлелдеймін: 1-аргумент ... 2-аргумент ... 3-аргумент ... 3. Ойымды дәлелдей отырып мынадай қорытындыға келдім ... Спикердің қорытынды сөзі мына пікірдің айналасында өрбуі керек: «... Шалкиіз өз заманының перзенті, сол дәуірдің жырауы ретінде өз уақытында үстем болған этатикалық көзқарасты ұстанған да, мемлекет күшті болу үшін елді әділ басқаратын, иманжүзді әмірші керек деп ойлаған, сондай әмірші болады деп сенген. Міне, осы сенім оған «Би Темірге адалмын» деген сөзді айтқызған». С.Қасқабасов. 7. Рефлексия маңызды ақпарат қиындық тудырған сәт сабақта ұнаған аспекті Оқушылар өздерінің оқу әрекеттері мен үйрену нәтижелерін сараптап, ой елегінен өткізеді. | Мағауин М. Қобыз сарыны. ХV-XVІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары. Монография. – Алматы: Атамұра, 2006. – 264 бет. | ||||||||||||||||
Дифференциация Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау | ||||||||||||||||
Қарым-қатынас формалары бойынша саралау (топтық жұмыс) Ынтымақтастық (коллаборативті) оқыту саралаудың тиімді тәсілі болып табылады. Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады. | Қызығушылықты ояту кезеңінде жұптар бір-бірінің жауабын тексеріп, өзара бағалайды. Мұғалім сындарлы кері байланыс береді: Ұтымды шыққан жауаптар... Тапсырма шартына сай, бірақ нақтылықты қажет ететін ... Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар... Жақсы талдаулар ... бірақ мәтіннен деректер жетіспейді. | Жаттығу шартын мұқият тыңдап, жұптасатын уақытта сынып ішіндегі қозғалысқа мән беру керектігі ескертіледі. Денсаулық сақтау технологиялары, қауіпсіздік ережелері сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?