Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 23-сабақ.

1-тапсырма. «Би Темірге бірінші толғаудың» түрі?

а) арнау-өлең

ә) жыраудың өзі туралы толғауы

б) заман туралы толғау

в) философиялық толғау

2-тапсырма. Шалкиіздің намысына тигенде ашуға бой алдырғанын бейнелейтін шумағын белгілеңіз.

а) 1

ә) 2

б) 3

в) 4

3-тапсырма. Жыраудың өз абыройын жоғары бағалайтынын көрсететін шумағы қайсысы?

а) 2

ә) 3

б) 4

в) 5

4-тапсырма. Толғаудан мақал-мәтелге сұранып тұрған, афоризмге лайықты өмірлік қорытынды түйінделген жолдарды тауып, жаз.

.......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

5-тапсырма. Төменде берілген толғау үзінділерін өзара салыстырып, қорытынды жаса.

Би Темірге бірінші толғау

Жоғары қарап оқ атпа,

Жуық түсер қасыңа.

Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,

Күндердің күні болғанда,

Сол жаман айғақ болар басыңа.

Жақсының жақсылығы сол болар –

Жаманменен бас қосып,

Сөйлемекке ар етер;

Жаманның жамандығы сол болар –

Сөйлесе, дәйім бетін қара етер;

Бір жақсыға басың қосып сөз айтсаң,

Сол жаман сырың сақламай,

Әрдайым дұшпаныңа әр ісіңді қор етер.

Жауынды күні көп жүрме,

Жар жағасы тайғақ-ты.

Жаманға жақыным деп сөз айтпа,

Күндердің күні болғанда,

Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!

Асау тулап жықпаса,

Артқы айылдың беркі игі.

Жағаға дұспан қолы тимеске,

Артыңда туысқанның көбі игі.

Күндердің күні болғанда,

Қырға шықпас жаманның

Барынан да жоғы игі!

ҚОРЫТЫНДЫ:

.........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

[attachment=28278:az_-d_8-syn_1-tar_23-cab_didaktikaly-material_1-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу