Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 23-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

І Дананың сөзі – ақылдың көзі

Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • толғау мазмұнындағы мәдени құндылықтарды бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып салыстырады, жаңашылдығын бағалайды.

Бағалау критерийлері

1. шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады;

2. жаңашылдығына баға береді;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: мәдени құндылықтар, материалдық және рухани мәдениет туралы түсінік қалыптастырады.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: материалдық және рухани құндылықтар, жаңашылдық, афоризмдер т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын, себебі ... , жаңашылдығы мынада ... т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, топта жұмыс жасау, жауапкершілік және көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Топ ережесін басшылыққа ала отырып деңгейі төмендеу оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы пәнімен байланыс. Ноғай ордасының билеушілері. Қазақ хандығы тарихы.

Музыкамен байланыс. Ш.Тіленшіұлы «Лашын құс» толғауы.

Алдыңғы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта Шалкиіз жырау толғауынан әмірші мен жырау бейнесіне қатысты үзінділерді тауып, тілдік қолданысын талдады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-7

1.Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

2.Өткен сабақ пен жаңа тақырыпты байланыстыру мақсатында «Тұжырым жаса» тапсырмасы орындалады:

Шалкиіздің «Би Темірге бірінші толғауын» мен ... деп білемін, себебі...

  • жыраулық поэзияның ең үздік үлгісі;
  • әміршіге тікелей сөз арнауы;
  • қоғам мен дәуір туралы ойлары баяндалған;
  • әмірші мен жырау тұлғасы жан-жақты ашылған;
  • жақсылық пен жамандық, достық пен қастық туралы философиялық ойлары тұжырымдалған т.б.

«Ақындар аманаты» атты қазақтың ауызша әдебиеті жобасының авторы: Бекен Ыбырайым.

Сыпыра, Асанқайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Бұқар Қалқаманұлы, т.б. шығармалары.- Алматы: «НұрлыPress.kz».2014-288б.- (Ақындар аманаты)

Сабақтың ортасы

8-10

11-20

21-33

3. Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақ тақырыбына байланысты тапсырмалар беріледі, оқушылар таңдаған тапсырмасына сәйкес топтарға бірігеді:

1-топ: Шалкиіз шығармасындағы рухани құндылықтар;

2-топ: Шалкиіз шығармасындағы афоризмдер;

3-топ: Шалкиіз – жаңашыл жырау;

4-топ: Қазақ, ноғай, қарақалпақтардың ортақ мұрасы.

4.Топтық жұмыс.

Оқушыларға сабақтың тақырыбына қатысты 3 минуттық TED әңгімелерін (talks) топта дайындау тапсырылады.

Олар топ ішінен бір спикер сайлайды.

Тақырыптың өзектілігі, бүгінгі күнмен байланысты болуы, жаңашылдығына баға беруі ескертіледі. Шалкиіз толғауын («Лашын құс») баяу қосып қоюға болады.

Қабілеті жоғары оқушылар үшінші/төртінші топқа бірігіп, бағалау және салыстырмалы талдау деңгейіндегі тапсырманы орындаса, қабілеті орташа оқушылар толғау мәтініндегі қанатты сөздерді анықтай алады.

5. Дескриптор

- тақырыптың өзектілігі;

- бүгінгі күнмен байланысты болуы;

- құндылығын бағалауы.

6. Тыңдау және бағалау

Топ спикерлері ортаға шығып жауаптарын таныстырады, оқушылар критерийге сай өзара бағалайды.

Түрлі-түсті стикерлер

https://www.youtube.

com/watch?v=

rKHJOF0rWAo

Сабақтың аяғы

34-37

38-40

7. «Сұқбат» әдісі:

Қай топтың жауабы ұнады?

Неліктен?

Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?

8. Рефлексия. «Менің сөзім»

Сыныптан бір оқушы тұрып сабақта не болғанын қорытындылап айтады. Айтып болған соң басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып сабақ бойынша рефлексия жасайды.

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Оқыту ортасы бойынша саралау

Кейбір оқушылар үшін аудитория ішінде өзін қалыпты сезінетін, алаңсыз жұмыс жасай алатын орны да маңызды рөл атқарады.

Сол себепті оқушы үшін қолайлы орынды немесе ыңғайлы топты анықтауға жағдай жасау – мұғалімнің міндеті.

Қабілеті жоғары оқушылар үшінші, төртінші топтарға бірігуі мүмкін.

Балалар топта жұмыс жасап жатқанда түрлі-түсті стикерлер арқылы бағыт беріп отыруға болады:

жасыл түс - «жақсы», сары түс – «ойланыңдар».

Топ спикерлері ортаға шығып жауаптарын таныстырғаннан кейін, оқушылар критерийге сай өзара бағалайды.

Денсаулық сақтау технологиясы талабына сай оқушыларды орналастыру, сынып ішіндегі қозғалысты реттеу, бір-біріне/топтарға кедергі келтірмеу жағын бақылау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу