Ақтамберді жырау толғаулары. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 20-сабақ.


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

АҚТАМБЕРДІ

ЖЫРАУ

ТОЛҒАУЛАРЫ

Оқу мақсаты

8.А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу

Үзіндіні қайта өңдеп креативті жазады.

Бағалау критерийі:

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдейді;

Креативті етіп жазады.

Сабақ мақсаты

Ақтамберді жырау өсиеттері

.

 

1-тапсырма ТЖ.

Әр топ «Кезбе тілші» тақырыбында 2 минуттық креативті қойылым даярлайды. Оқиға Ақтамберді жырау заманында өтіп жатқандай болу керек. Қойылымда жырау толғаулары өңделіп қолданылады.

«Кезбе тілші»

 

1-оқушы. Ақпаратшы.

Телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.

2-оқушы. Телестудиядағы диктор

оқиғалар барысы туралы жиынтық ақпарат береді.

3-оқушы. Тілші.

Көрермендерге оқиға орнынан ақпарат ұсынады.

4-5-оқушылар. Куәгерлер.

Тілші сұхбат алатын куәгер.

2-тапсырма Ж/ЖЖ.

Төмендегі тапсырмалардың бірін таңдап, жеке не жұппен орындаңыз.

Атақты жырау Ақтамбердіге қойылатын мемориалдық кешен жобасына қомақты қаржы бөлініп, конкурс жарияланды делік. Сәулетші ретінде сіз де бағыңызды сынап көргіңіз келді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар өте жоғары. Сіздің жеңіске жетуге мүмкіндігіңіз бар. Ерекше мемориалдық кешеннің жобасын сөзбен сипаттап, креативті жазу жазыңыз.

Ғалым М.Мағауиннің айтуынша, Ақтамберді Қаракерей Қабанбай батырмен бірге Найманның рубасы көсемі, әскербасы батыры болған, Әз-Тәукенің тұсында өмір сүрген. Ел бірлігі үшін күрескен осы үш тұлғаны ойша жүздестіріп, жырау толғауларымен байланыстырып, сюжетті әңгіме жазыңыз.

Ақтамберді жырау ізімен өткен заман, қазіргі заман, болашақ заман жастары жайлы әсерлі толғау жазып көріңіз.

3-тапсырма ЖЖ.,ТЖ.

«Аквариум»

Ортаға өз жұмысын «сәтті жазылды»

деп есептейтін бір оқушы, «орташа» деп

есептейтін бір оқушы, «сәтсіз» деп есептейтін бір оқушы өз қалауларымен шақырылады. Бұлар - аквариумдағы балықтар. Қалған оқушылар «балықтарды» аквариумнан шығару үшін олардың жазбаларын талдап, оқушының өзін-өзі бағалауына пікір айтады. Осы ретпен тағы үш оқушыны шығаруға болады. Оқушылардың жұмыстарына құнды пікір айтып, әділ бағасын беруге ең көп атсалысқан білімді оқушы «алтын балық» атанады.

Кері байланыс

енді мен...... аламын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу