Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 21-сабақ.


 Шалкиіз Тіленшіұлы

 Қазақтың төл әдебиетінің бастапқы дәуірінде өмір сүріп, жыраулар поэзиясының мазмұндық жағынан тереңдей өрістеуіне, дүние сырына дендей үңілу тұрғысынан кемелдене түсуіне зор ықпал еткен жырау – Шалкиіз Тіленшіұлы. Жыраудыңөмір жолын зерделеген белгілі әдебиеттанушы М.Мағауин оны 1465 жылдар шамасында Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келіп, 1560 жылдар мұғдарында дүниеден озуы ықтималдығын айтады. Өзге әдебиет зерттеушілері де осы пікірден бұра тартпайды.

Ал жыраудың өз туындыларына үңілсек, оның өз дәуірінде қазақ пен ноғайлы жұрттарын жайлаған елмен етене араласқаны, екі елдің де билік басындағы хандары мен билерін, батыр-бағландарын жақсы білгені, ел тағдыры сынға түскен сәттерде ақылы мен айбарын алға сала, ой-пікірін олардың қай-қайсына да еркін айта білгені аңдалады. Сондай-ақ, жыраудың жыр-толғауларында мұсылманшылық қағидаларын қажетті тұстарда ой жеткізуге ұтымды пайдаланылуы, сонымен бірге көшпелі елдің жөн-жоралғысына, дәстүр-салтына қатысты көріністердің де орайымен алға тартылып отыруы Шалкиіз жыраудың мұсылманшылық жолын да, халықтың өмір салтын да жетік білгенін көрсетеді.

Шалкиіз жырау өз заманындағы қазақ пен ноғайлы хандарының бәрімен дерлік таныстықта болғанымен, солардың ішінде ноғайлы билеушісі Би Темірмен етене жақын араласқаны, оған ой-пікірін еркін айта алатын ақылман кеңесшіге айналғаны, жорық-жортуылдарда үзеңгілес серігі болғаны анық. Жырау толғауларының бірінде өмірінің бұл кезеңі:

«...Менім ием биТемірдің әрі өзім

Жау көрген күн жүрегінің басы едім,

Көз үстінде қасы едім!..» – деп суреттелуінің сыры сондықтан болса керек.

Үзінді мазмұнына қарасақ, толғау айтылған тұста жыраудың БиТемірмен арасы алшақтағаны байқалады. Ал осы мазмұнды жеткізу тәсіліне зер салсақ, жыраудың ойды бейнелі жеткізуге шеберлігі танылады. Өзінің Би Темір алдында абырой-беделінің қаншалықты жоғары болғанын біле тұра, жырау онымен арасы алшақтап, қарым-қатынастарына салқындық енген кездің өзінде кешегі билеушісінің, пікірлесінің қадір-қасиетін төмендетуді жөн көрмейді, қайта, оның әрекеттерін асқақтата суреттейді:

«Бұз үстіне от жаққан,

Бұз май бұлан пісірген,

Мен иемдің бөрлі ала тасы едім...» –

деп өзін кішірейте көрсетеді. Бұл жәйттің өзі Шалкиіздің ішкі мәдениеті жоғары жырау болғанын айғақтайды. Би Темірді «мұз үстіне от жаққан, бұлан етін бұзбай пісірген» айбарлы да, қайратты билік иесі ретінде даңқын асыра бейнелей келіп, өзін: «Мен иемнің мөрлі ала тасы едім...» – деп көрсетуі Шалкиіз жыраудың астарлы бейне жасауға шеберлігін аңғартады

 Шалкиіз – (1465-1560) ақын, жырау, батыр. Шалкиіз – туындылары орыс тіліне аударылған ақын-жыраулардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әртүрлі жинақтар мен басылымдарда бірнеше мәрте басылды. Жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны ерекше. Шалкиіз жырау ғұмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізеді. 

https://www.zharar.com/kz/olen/10311-temir.html

Би Темірге айтқан бірінші толғауы

Аспанды бұлт құрсайды -Күн жауарға ұқсайды.Көлдерде қулар шулайды -Көкшіліден ол айуанСоққы жегенге ұқсайды.Көп ішінде бір жалғызКөп мұңайып жылайды -Күйбендескен көп жаманСөзі тигенге ұқсайды!Алп, алп басқан, алп басқанАрабы торым өзіңсің,Жазылы, алтын, қол кескенАлдаспаным өзіңсің!Білерді білмес не демес,Сұлтан ием, сен меніңБармай тапқан Қағбамсың!Алтынды кесе сары балАлсам, мен саған ұсынармын,Тал мойныма қол артсаң,Күліктен бек ұнармын.Көбең семіз торыңмын,Көп құлыңның бірімін.Жақсыңнан мені кем көрдің,Жаманыңмен тең көрдің.Жақсыңнан мені кем көрсең,Жаманыңмен тең көрсең,Ұялы берікке қос артып,Сен есенде, мен саудаЫрысымды сындайын,Сегіз қиыр шартараптан іздермін!Еділден аққан сызашықБіз көргенде тебінгігеЖетер-жетпес су еді -Телегейдей сайқалтып,Жарқыраған берендіТеңіз етсе, Тәңірі етті!Жағасына қыршын біткен тал еді -Жапырағын жайқалтып,Терек етсе, Тәңірі етті!Тебінгінің астынанАла балта суырысып,Тепсінісіп келгендеТең атаның ұлы едің,Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті!!Тобылғының берегіИіл болып беріш бітсе,Айбар болар терегі.Атаның ұлы жақсығаМалынды бер де басың қос,Бір күні болар керегі.Бостаны бар-ды теректің,Болаты бар-ды беректің,Тұсыңдағы болған нартың қорлама,Тұсыңдағы болған нартың қорласаң,Табылмас-ты керекте.Айдын шүйсең - тарлан шүй,Көтерілген сона құтылмас.Жауға кисең - берен ки,Егеулеген болат өте алмас.Есендікте малыңды бер де батыр жи,Басыңа қыстау іс түссе,Дұспанның қолы жете алмас!Бар күшіңді сынамай,Балуандармен күреспе -Таң боларсың әлемге,Сөз боларсың күлемге.Ақылсыз достыданАқылды дұспан артық-ты,Дұспаныңнан бір сақын.Елі ішінде айқасып,Ойнап жүрген достарыңнан мың сақын.Жоғары қарап оқ атпа,Жуық түсер қасыңа.Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,Күндердің күні болғанда,Сол жаман айғақ болар басыңа.Жақсы да келер бұ көпке,Жаман да келер бұ көпке,Түгел іс қойып болмас бір кепке.Сен - алтынсың, мен - пұлмын,Сен - жібексің, мен - жүнмін,Сен - сұлтансың, мен - құлмын,Сен - сұңқарсың, мен - қумын,Жемсауыңа келгенде,Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!Саған дұспан - маған жау,Керекті күні алдындаҒазизленген сұлтан жаным аяман!!

[attachment=28266:aza-debieti_8-synyp_1-tarau_21-caba_-didaktikaly-material_2-nsa-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу