Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 21-сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Шалкиіз жырау

«Би Темірге бірінші толғауы»

Оқу мақсаты:

Т/Ж 8.1.2. 1 - әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Сабақ мақсаты:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Бағалау критерийлері:

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

Шығармада көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

«Миға шабуыл»

Жырау мен жыршыға қатысты сөздерді тақтаға кезекпен жазып шығыңыздар.

1-тапсырма. «Еркін жауап» стратегиясы ТЖ.

1-топ.

-Шалкиіздің өмірі туралы не білесің?

-Қай бидің ақылшысы болған?

2-топ.

-Жырау әскери жорықтармен қай жерлерді аралайды?

-Жырау Қазақ ордасына қашан оралады?

3-топ.

- Толғау деген не? Жыраудың би Темірге арнаған неше толғауы бар?

-Жыраудың басқа қандай өлең,толғауларын білесіңдер?

4-топ.

-Шалкиіз шығармалары алғаш қағаз бетіне қашан түсті?

- Шалкиіз шығармалары қай тілдерге аударылған?

2-тапсырма «Есте сақтау»

Сөздікпен танысып, есте сақтау үшін бірнеше рет

оқып, жұбыңызбен жауаптасыңыз.

Сөздік:

Қу – аққу 

Көкшілі – сұңқар

Арабы торым – асыл тұқымды дегенді білдіреді 

Алдаспан – наркескен қылыш 

Қағба – мұсылмандардың құлшылық ететін қасиетті орны 

Күлік – сәйгүлік жылқы 

Кепке – бас деген мағынада 

Ғазизлеген – құрметтеген 

 

3-тапсырма ТЖ.

Бағалау критерийі:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Дескрипторлар:

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

Шығармадағы көтерілген мәселелер арқылы заман көрінісін бейнелейді;

Жаңа сөздерді теріп жазады, мағынасын топта анықтайды;

Топтық талдауға белсене қатысады, сыныптастарының жұмысын бағалайды.

ПОПС формуласы Ж.

«Менің ойымша, бұл толғау ... жайында»

«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»

«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды

шешімге келдім...»

К Е Р І Б А Й Л А Н Ы С

[attachment=28261:aza-debieti_8-synyp_1-tarau_21-saba_-prezentacija_2-nsa.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу