Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 22-сабақ.


САБАҚ: №22

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты:

Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Келмегендер:

Сабақ тақырыбы

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»

Осы сабаққа қатысты оқу мақсаттары

8.1.4. 1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

8.2.4.1 - шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.

Cабақ мақсаттары

Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады;

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.

Бағалау критерийлері

  • Өз көзқарасын дәлелдеу үшін көркем шығармадан үзіндіні орынды қолданады;
  • Үзіндіні қайта өңдеп креативті жаза алады.

 Дифференцияция

Барлық оқушылар:

  • Өз көзқарасын дәлелді жеткізу үшін көркем шығармадан үзінді келтіреді;

Көптеген оқушылар:

  • Өзіне ұнаған үзіндіні қайта өңдеп креативті жаза алады.

Кейбір оқушылар:

  • Креативті жазу барысында көркемдегіш құралдарды орынды қолдана біледі.

Құ Құндылықтар

Мәңгілік ел» құндылығы:

  • Тіл және мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Ынтымақтастық;
  • Жауапкершілік;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Тілдік мақсаттар

Мәселе, өзектілік, дәлел, ұлттық мүдде, қайта өңдеу, креативті жазу т.б.

Осыған дейінгі оқылғандар

Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

5 мин

Қызығушылықты ояту ЖЖ. «Арқадағы сурет»

Жұптағы бір оқушы тақтаға, екіншісі қабырғаға қарап

отырады. Қабырғаға қарап отырған оқушы бір парақ

қағазға берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) сурет

салады. Тақтаға қарап отырған

оқушы суреттің атын атамай, сипаттап айтып беріп

отырады. Уақыт біткенде, суретті көріп, қаншалықты

дәл салынғанын анықтайды.

Оқушылар сабақ мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.

Топқа бөлу

Оқушылар балмұздақ таяқшаларын таңдап алады. Әр таяқшада оқушының аты мен топ саны көрсетіледі.

https://www.zharar.com/kz/olen/10311-temir.html

Орта

6-10+8

19-29+8

1-тапсырма. ЖЖ. «Айтарым бар» әдісі

Оқушыларға толғаудан төмендегідей мәселелер ұсынылады:

  • Аспанды бұлт құрсайды -Күн жауарға ұқсайды.Көлдерде қулар шулайды -Көкшіліден ол айуанСоққы жегенге ұқсайды.Көп ішінде бір жалғызКөп мұңайып жылайды -Күйбендескен көп жаманСөзі тигенге ұқсайды!
  • Жақсыңнан мені кем көрдің,Жаманыңмен тең көрдің.
  • Бостаны бар-ды теректің,Болаты бар-ды беректің,Тұсыңдағы болған нартың қорлама,Тұсыңдағы болған нартың қорласаң,Табылмас-ты керекте.
  • Жақсы да келер бұ көпке,Жаман да келер бұ көпке,Түгел іс қойып болмас бір кепке.
  • Жұптар осы мәселелердің біреуін таңдап алады.
  • Мәселені жұпта талдайды;
  • Орындап біткен соң, осы мәселені талдаған өзге жұптармен топқа бірігеді.
  • Әр топ өз мәселесі бойынша постер қорғайды.
  • Постер қорғайтын оқушыны мұғалім балмұздақ таяқшалары арқылы таңдайды.

Мәселе

Мәселенің өзектілігі

Дәлел

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Өз көзқарасын дәлелді жеткізу үшін көркем шығармадан үзіндіні орынды пайдаланады.

Мәселенің өзектілігін анықтайды;

Сөзінің дәлелі ретінде толғау мазмұны, өмірден алынған мысалдар келтіреді.

Мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіреді;

Мәселеге қатысты түйінді пікір айтады.

2-тапсырма. Ж.

«Екі жақты күнделік» стратегиясы

Толғаудан үзінді

Өз үзіндім

Бағалау критерийі

Дескрипторлар:

Өзіне ұнаған үзіндіні қайта өңдеп, креативті жазады.

Толғаудан өзіне ұнаған үзіндіні таңдайды;

Үзіндіні өз стилімен қайта өңдеп, креативті жазады;

Көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, метафора – 3-2-1) орынды қолданады;

«Екі жақты күнделік» кестесін толтырады.

Оқушылар жазбаларын ауысып (5 мин) оқиды. Өздеріне ұнаған жазба жұмысының сәтті тұстарын басқаларға айтып береді (3 мин).

http://www.ikitap.kz/index.php/catalog/audiobook/5157-tolhauy

Соңы

3 мин

Кері байланыс «Бес саусақ» тәсілі

Бас бармақ – басты мәселе.

Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрекбірлесу.

Мен жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек

бердім? Кімді риза қылдым?

Ортан терекойлану.

Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмекшынайылық.

Сабақ маған ұнады/ұнамады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбеккөңіл күй ахуалы.

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Оқушылар жұпта өз ойларымен бөліседі. Мұғалім аралап тыңдай жүріп, өз журналына баға қояды.

Қосымша ақпарат

Дифференциациясіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғарылау оқушыларды қалайша ынталандыруды жоспарлайсыз?

Бағалау – сіз оқушылардың оқу деңгейін қалайша тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық сілтемелерДенсаулық пен қауіпсіздікті тексеруАТ сілтемелерМағына сілтемелері

Оқушы толғаудан мәселе таңдау кезінде өз білімін іштей саралай алады. Таңдауы аз оқушыда іштей өз біліміне қанағаттанбау сезімі туады. Үзіндіні өз стилімен қайта өңдеп, креативті жазу тапсырмасы да оқушының өз біліміне қарай қабілетін көрсетуге арналған мүмкіндік ретінде ұсынылады.

Мұғалім постер қорғайтын оқушыны балмұздақ таяқшалары арқылы таңдайды. Мұнда мұғалім таңдауы әртүрлі оқушыға түсуі мүмкін, сондықтан оқушылар алдын ала ескертілсе, сабақта әр нәрсеге мән беріп, сергек отырады.

Сабақта оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі барынша ескеріледі. Топтарға біріккен кезде ынтымақтастықпен жұмыс жасай білулері, даулы мәселеде келісімге келе алулары қадағаланады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу