Шығарма бойынша жазылған әдеби сын - пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 20-сабақ.


Аудиожазылым:Асыл арна. Danalik_Dariyasi. Ақтамберді Жырау. Даналық дариясы

https://www.youtube.com/watch?v=HtlHXKFZi7I

https://everything.kz/article/28410019-balalaryma-siet

Аудиожазылым Ақтамберді толғауы

https://www.youtube.com/watch?v=OXjKlni2Ivc

Семейдегі көне сауыттың құпиясы ашылды

https://kaz.tengrinews.kz/strange_news/semeydeg-kone-sauyittyin-kupiyasyi-ashyildyi-1450/

26 Ақпан 2014, 21:1819 0 Фото ©Руслан Шақабаев

«Семейдің тарихи-өлкетану мұражайындағылар мекеме қорында 80 жылдан астам сақталып жатқан сауыттың иесі кім екенін тапты» деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мұражайдың директоры Бекен Теміров өздеріне 89 жастағы қарт, Ұлы Отан соғысының ардагері Асқап Жұмаділовтің келгенін, сөйтіп көне сауыт оның бабасына, атақты қазақ батыры Ақтамберді жырауға тиесілі екенін айтқанын жеткізеді. Өткен жүзжылдықтың 20-жылдары елден береке кетіп тұрғанда батыр ұрпақтары Қытайға өтіп кетпекші болады. Бірақ олар шекараға жеткенде іздеріне шекарашылар түседі. Осындай қуғын-сүргін кезінде қолдағының барлығы жайрап қалады. Өлгендердің заттары арасында батырдың сауыты да болған. "Осыдан кейін туысқандар бір-біріне бабасының сауыты мұражайда сақталып жатқанын айтып отырған. Ұрпақтары бірнеше рет келіп, сауыттың осында екеніне көз жеткізіп кеткен. Алайда ол туралы ашық айтуды жөн санамаған. Соған байланысты зат көп уақыт қорапта сақталды. Ал алып шыққанда сауытты ел алдына қою мүмкін болмады. Себебі ол әбден ескіріп, тозған. Біз маманды шақырдық, ол сауытты қалпына келтірді. Металл тот басқан, сондықтан ол ілініп әрең тұр, шалт қимыл сауыттың сөгіліп кетуіне әкеп соғуы мүмкін" - дейді Теміров. Директор металл құрамы мен оның нақты уақытына қатысты мәліметті анықтау үшін сауыттың сараптамаға жіберілетінін айтты. "Ал Ақтамбердіде осындай сауыт болғандығы туралы оның өлеңдерінде жазылады" - деді Теміров. Ақтамберді жырау 1675 жылы дүниеге келген. Жастай соғысқа қатысты. Ол ержүрек әрі мықты батыр ретінде ел есінде сақталған.

Ақтамберді өлеңдері

http://adebiportal.kz/kz/audiobooks/view/590

Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,Күреңдi мiнер ме екенбіз,Күдерiден бау тағып,Ақ кiреуке киер ме екенбіз!Жағасы алтын, жеңi жез,Шығыршығы торғай көзСауыт киер ме екенбіз!Ор қояндай жүгiнтiп,Аш күзендей бүгiлтiп,Жолбарыстай шұбардыТаңдап мiнер ме екенбіз!

Жағама қолдың тигенін

Жағама қолдың тигенін,Жалғыздық, сенен көремін.Жамаулы киім кигенім,Жарлылық, сенен көремін.Атадан тудым жалқы боп,Жақыннан көрдім талқы көп,Жасым жетпей он беске,Қорғайтын жан адам жоқ.Кәрі ақсайды ақылдан,Ер ақсайды жақыннан,Қазір әлсіз болсам да,Үмітім бар ақырдан.Жасым жетіп он беске,Кірер ме екем кеңеске,Бұғана қатып, бел бекіпЕрегескен дұшпанменШығар күн туса күреске!Дұшпаннан көрген қорлығымСары су болды жүрекке.Он жетіде кұрсанып,Қылыш ілдім білекке.Жауға қарай аттандым,Жеткіз деп, Құдай, тілекке!Салпаң да салпаң жортармын,Сары азбанға қосымды артармын.Торлаусыз өскен құланмын,Мезгілсіз жусап өрермін.Байраққа біткен құрақпын,Саусағым жерге түсірмен.Жапанға біткен терекпін,Еңсемнен жел соқса да теңселмен.Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,Балталасаң да айрылман.Сыртым құрыш, жүзім болат,Тасқа да салсаң, майрылман!

[attachment=28251:aza-debieti_8-synyp_-1-tarau_-20-saba_osymsha-resurs_1-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу