Шығарма бойынша жазылған әдеби сын - пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 20-сабақ.


Сабақтың тақырыбы:Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы

Оқу мақсаты: Б/С4.Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:Шығарма бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.

Миға шабуыл: «Өз жауабыңды көрсет» әдісі

Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғауларына байланысты айтылған сын-пікірлер таратылады.

Оқушылар сын-пікірлерді алдымен жеке оқып шығады.

«Өз жауабыңды көрсет» тәсілімен жұптасып, сын-пікірлерге қатысты қарапайым ойлар мен терең ойға негізделген сұрақтар құрастырып, талдайды. Жұппен талдап болғаннан кейін екінші жұппен топқа бірігеді.

Топ мүшелері «Сұрақ? Жауап» тәсілі арқылы пікір алмасып, топтағы бір оқушы ортақ ойды сынып алдында мазмұндап айтады.

Талдау аяқталған соң сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды.

Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

1- тапсырма:«Әңгіме кестесі» әдісі

2- тапсырма «Сұрақ қою.Қайта сұрақ қою» әдісі

1-қадам. Шығарманың мазмұнына сұрақтар дайындау;

2-қадам. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақтар қояды және талқылайды.

Оқушылар «Ыстық орындық» немесе «Жарық астындағы оқушылар» стратегиясы арқылы белгілі әдебиеттанушы рөліне ене отырып, басқа оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Әрбір оқушының белгілі бір әдебиет сыншысы ретінде өз сыныптастарының сұрақтарына жауап беруге мүмкіндіктері бар:

Кейіпкердің ойы мен сезімі

Уақыт және оның олар үшін маңыздылығы

3-тапсырма :«Жолдар..., Анықтау..., Талдау...,»тәсілі

«Жырау шығармашылығының тақырыптық және көркемдік» тақырыбындағы ақпарат таратылады.

Оқушылар Ақтамберді толғауларына байланысты ақпараттармен танысып болғаннан кейін мұғалім үстелінің үстінен қызыл, жасыл, көк, сары түсті үлестірме қағаздарды таңдап алады. Өздері таңдап алған қағаз түстеріне байланысты төрт топқа бөлінеді.

Интерактивті тақтадан немесе флипчарттан көрсетілетін тақырыптар:

«Ақтамберді –тарихи тұлға»

«Қоңыраулы найза қолға алып»

««Күмбір- күмбір кісінетіп» толғауы –патриоттық туынды»

«Толғауы тоғыз ханды түзеткен»

Әр топтан бір оқушы шығып тақырып таңдап алады.

Топ мүшелері толғауды бірінші тақырыптармен салыстырып анықтайды, содан кейін әртүрлі ақпарат көздерінен жазып алған деректермен байланыстыра отырып талдап, қорытынды ойларын тақырыпты таңдап алған оқушы келесі топқа барып айтады.

Бекіту

4-тапсырма: «Пирамида» тәсілі

Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Топтағы әр оқушы «Сенің білгің келетін сұрақтар?» әдісі бойынша толғау ойынша үш түрлі сұрақ құрастырады. Үш сұраққа «5-5-1» әдісі бойынша бірінші бес сөйлем құрастырады. Екінші бес сөйлемді бес сөзге қысқартады, үшінші бес сөзді бір сөзге қысқартады. Сабақ қорытындысында оқушылар «Пирамида» тәсілі бойынша :

1. Cенің сұрақтарың...,

2. Сенің есіңе бүгінгі күнді түсіретін ойлар...,

3. Сенің бүгін білгенің…» тіркестері бойынша қорытынды жасап, өзін- өзі бағалайды

Салыстыру

4-тапсырма:«Бірдей...Әртүрлі...»тәсілі

.

Бағалау

Шығарманың ұнаған және ұнамаған тұстарын «Ішкі және сыртқы» кестеге толтыру.

Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары бойынша «ішкіге» – шығарма бөліктерінің өзі келісетін, ұнаған тұстары, «сыртқыға» – өзіне ұнамаған, қарсы пікірі жазылады.

Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін сабақтың басында өздері бірлесіп жасаған бағалау критерийі бойынша топтық бағалау жасайды.

Кері байланыс: «Жетістік» парағы

[attachment=28249:aza-debieti_8-synyp_-1-tarau_20-saba_-prezentacija_1-nsa.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу