Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 18-сабақ.
Оқушыларға арналған дидактикалық материалдар
Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы
Күлдір-күлдір кісінетіп,Күреңді мінер ме екеміз?!Күдеріден бау тағып,Ақ кіреуке киер ме екеміз?!Жағасы алтын, жеңі жез,Шығыршығы торғай көзСауыт киер ме екеміз?!Ор қояндай жүгінтіп,Аш күзендей бүгілтіп,Жолбарыстай шұбардыТаңдап мінер ме екеміз?!Сол шұбарға мінген соң,Қоңыраулы найза қолға алып,Қоңыр салқын төске алып,Қол төңкерер ме екеміз?!Жалаулы найза жанға алып,Жау қашырар ма екеміз?!Тобыршықты әндігенТолтыра тартар ма екеміз?!Тобылғы түбі құралай,Бытыратып атар ма екеміз!Жарлауға біткен жапырақ -Жамылсақ, тоңар ма екеміз?!Жазыққа біткен бүлдірген -Сұғынсақ, тояр ма екеміз!Тобылғы сапты қамшы алып,Тұмар мойын ат мініп,Қоныс та қарар ма екеміз!Ел жазылып жайлауда,Жақсылар кеңес құрғанда,Мұртымыз өрге шаншылып,Бұрын да сөйлер ме екеміз?!2От басар орны отаудай,Қабырғасы халық орнаған жонсаудай,Ор қояндай қабақты,Қиған қамыс құлақты,Сары мысықтай азулы,Саптыаяқтай ерінді,Қидасын кәрі жілікті,Омырауы есіктей,Ойынды еті бесіктей,Табаны жалпақ тарландыТаңбалап мінер ме екеміз?!Сол тарланға мінген соң,Өзен де өзен, өзен су,Өрлерде жортар ма екеміз?!Аңдысып жүрген дұшпанныңБұлттан шыққан ай бетті,Мұнардан шыққан күн бетті,Айттырса, бермес сұлуынАппақ қылып мандайын,Бұғақ қылып таңдайын,Қиылдырып қастарын,Төгілдіріп шаштарын,Күнінде аламанғаТегін олжа қылар ма екеміз?!3Күлдір-күлдір кісінетіп,Күреңді мінер ме екеміз?!Күдеріден бау тағып,Қамқапты киер ме екеміз?!Өзенге бие байлатып,Төскейге орда орнатып,Төрткілдеп ошақ қаздырып,Төбел бие сойғызып,Төменде бидің кеңесінБіз де бір құрар ма екеміз?!Құлаты тауға қол салып,Садақтың оғын мол салып,Бетпақтың ен бір шөліненТөтелеп жүріп жол салып,Қолды бір бастар ма екеміз?!Майданда дабыл қақтырып,Ерлердің жолын аштырып,Атасы басқа қалмақтыЖұртынан шауып бостырып,Түйедегі наршасын,Әлпештеген ханшасынАт артына мінгізіп,Тегін бір олжа қылар ма екеміз?!Кеуде бір жерді жол қылсам,Шөлең бір жерді көл қылсам,Құрап жанды көп жиып,Өз алдына ел қылсам!Асқар бір тауды жайласам,Желілеп бие байласам,Күнде жиын, күнде той,Қыз-бозбала ойнатсам,Тентегін түзеп байқа деп,Ішінен биді сайлатсам,Құлым бір ұлдай киінсе,Көркемін көрген сүйінсе,Атымтай Жомарт секілдіАтағым жұртқа білінсе!Өзім бір бөлек жайласам,Жігіттен нөкер сайласам,Ойпаң жерге он отау,Қыраң жерге қырық шатыр тігіп,Қонағымды жайғасам!Пышақтан малым кетпесе,Қазаным оттан түспесе,Ауылдан топыр үзілмей,Ошақтың оты өшпесе!Май жемесе қонағым,Қан жемесе барағым,Он кісіге жарасаБір кісіге арнап тартқан табағым!Халыққа атым білініп,Шүлеңгір мырза атанар ма екеміз?!Төскейде кеңес топтанып,Жақсылар үйде баптанып,Нөкерлер жүрсе сап түзеп,Қос-қосымен шаттанып.Қиуадан ақыл алатын,Қияннан айла табатынЕрлерден салсам нөкердіДұшпаннан кекті алатын!Жоны бір жалпақ жотадай,Мойны бір жалпақ бұқадай,Балуаннан нөкер барлатып,Күреске салар ма екеміз?!Артықша көзге көрініп,Балуаным жықса таңлатып,Алмасын арнап суарып,Ақ сауыт соқса зергерім,Таудағы сала бұғыныАңдып бір атса мергенім!Көкорай көктем болғандаДауысы бар азандай,Желіні бар қазандай,Жаралы қудай ыңырантып,Жарылған мұздай күңірентіп,Қайрауықтың ащы күйіндейҚайырып боздап күйлентіп,Боталаған боз інгенАзан-қазан, у да шуО да бір алса мазамды-ай!Алғайдың құба жонынаЖайылған қойым сыймаса,Жүз бүркеншек, жүз қоспенҚатар жүріп жинаса!Көк алалы көп жылқыКөлге бір түссе көз жетпей,Санап санын алуғаЕсебіне жан жетпей...Беглерім мінсе шұбарын,Жұлындай қылып жаратып!Елден елді аралап,Тектіден текті саралап,Беглердің қызын айттырсам,Нұсқасын байқап шамалап -Сынға толса сияғы,Әлбеті шамның шырағы,Мұхиттан сүзіп шығарғанҚымбатты гауһар бағасы.Жүз нарға кілем жаптырып,Қазақтан сәнін арттырып,Ұзатып алсам сәнменен,Көңлімді хош таптырып!Бала берсе тезінен, -Пірлердің бітсе демінен,Шілтеннің тиіп шылауы,Артылып туса өзімнен!Осындай берген дәулеттіКөтеріп түра алар ма екеміз?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?