Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 18-сабақ.


Сабақтың тақырыбы:Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп»толғауы

Оқу мақсаты: А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:Мақсатына сай үзіндіні таңдай біледі, қайта өңдеу, креативті жазу дағдысы қалыптасады.

Миға шабуыл : «Өрмекші торы» әдісі

Сынып оқушылары шеңбер жасап тұрады.

Бір оқушының қолына оралған жіп бумасы беріледі.

Ол оқушы жіптің ұшын шеңбердегі өзі таңдаған оқушыға сұрақ қойып лақтырады.

Екінші оқушы сұраққа жауап беріп, үшінші оқушыға сұрақ қояды. Осылайша шеңбердегі барлық оқушы жіпті шырмай лақтырып, бір-біріне сұрақ қойып, жауаптарын тыңдап шығады.

Сұрақ-жауап аяқталғаннан кейін оқушылар орындарына отырып, өз көзқарастарын бір минут жұбымен талқылайды.

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды.

Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі:

1- тапсырма:«Анықтау» әдісі

Оқушылар «Боталаған боз інген, беглердің қызын айттыру , сәнімен ұзатып алу» тіркестерінің мағынасын анықтап, сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырады.

2- тапсырма «4 – 3 – 2 – 1» әдісі

Сынып оқушылары бірнеше топқа бөлінеді.

Әр топ шығармадан үзінді таңдап алып, сол үзінділерге тақырып қояды.

Оқушылар топтың таңдаған нақты тақырыптарын дәптерлеріне жазып алады. Әр топ таңдаған шығарма үзіндісін өңдеп газет бетіне жариялайтын әңгіме ұсынуы керек.

«Қосымша» әдісі арқылы нақты тақырыптың біреуін алып, жұппен жоспар құрады.

Құрған жоспарлары бойынша шағын әңгіме құрастырып, топта тыңдайды. Топ мүшелері бір жұмысты сынып алдына шығарады.

Әр топтан бір оқушы өз әңгімесін оқиды.

Сынып оқушылары ең үздік әңгімені «4 – 3 – 2 – 1» әдісіне сүйеніп газет бетіне жариялауға таңдап алады.

Таңдалған жұмыс сынып бөлмесінің қабырғасына ілінеді.

3-тапсырма :«Кадроплан»тәсілі

Оқушылар алдыңғы бөлінген топтарымен отырады. Әр топқа тапсырма нұсқасы таратылады. «Кадроплан» әдіс-тәсілі бойынша үш оқушыға үлестірме қағаздағы «1, 2, 3» сандары беріледі. Төртінші оқушыға сан берілмейді. Ол оқушы топтың спикері болады. Спикер тапсырманың орындалу барысын қадағалап, топ мүшелерінің айтқан ойларын жазып алып отырады.

«1»- нөмірлі оқушы толғау үзінділерінен оқырманға ой туғызатын «тірек сөздерді» теріп жазады.

«2»- нөмірлі оқушы толғау үзінділерін тарихи оқиғалармен байланыстырып, толғау үзіндісін өз сөзімен әсерлі сипаттап жеткізеді.

«3»- нөмірлі оқушы толғаудың өзіне ұнаған тұстарын өңдеп, қарасөзбен жазады.

Топ спикерлері «Сіздердің пікірлеріңіз бойынша» тәсілі негізінде топ мүшелерінің тапсырмаларын сараптап, тақырып бойынша қорытынды ойларын айтады.

Бекіту

4-тапсырма: «Бір минут» әдісі

Оқушылар екі-екіден отырады. Оқушылар бір минут ішінде өз ойларын жинақтап, сұрақтарға жауап беруге дайындалуы керек. Сынып оқушылары «Доп лақтыру» әдісі арқылы:

Сізге ұнаған жолдар қайсы?

Сіздің ойыңызша, толғаудағы ең маңызды мәселе не?

Толғауда сізді таңғалдырған жолдар болды ма?

Толғауды оқығанда сіздің көз алдыңызға қандай сурет елестеді?

Жырау ойымен келіспейтін тұстарыңыз бар ма? – тәрізді сұрақтарға жауап береді. Оқушылар допты кезекпен бір-біріне лақтыра отырып, сұраққа барлығы жауап беруге ұмтылады. Мұғалім оқушы жауаптарына қорытынды пікір қосады.

Салыстыру

4-тапсырма:«Сурет бойынша болжа» әдісі

Оқушыларға толғау үзінділері таратылады. «Боталаған боз інген, беглердің қызын айттыру, сәнімен ұзатып алу» сөз тіркестерін мағынасына сай сурет салу ұсынылады. Бір топтағы екі оқушыда сурет, екі оқушыда толғау үзіндісі болуы керек. Тапсырманы орындағаннан кейін жұппен пікір алмасып, төрт адамнан тұратын топқа бірігеді. Жұмыстарын бір-бірімен алмастырып, салыстырады. «Сурет бойынша болжа» әдіс-тәсілі арқылы салған суреттерін шығарма үзінділерімен байланыстырады. Суретке байланысты туған жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашады. Анықтаған жаңа сөздерді қатыстыра отырып, үзінді жолдарын өңдеп өз ойынан үш абзац құрастырып жазады. Жазған жұмыстарын сынып қабырғасына апарып іледі.

Бағалау

«Галарея» әдісі

Топ спикерлері «Галарея» әдісі бойынша сынып бөлмесінің қабырғасындағы жұмыстарға және толғау үзінділерімен негізінде құрастырылған үш абзацқа сараптама жасап, қорытындысын шығарады. Оқушылар жұмысты сабақтың басында өздері бірлесе жасаған бағалау критерийіне сай бағалайды.

Кері байланыс: «Стикер»

[attachment=28245:aza-debieti_8-synyp_-1-tarau_-18-saba_prezentacija_1-nsa.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу