Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 18-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 18
Бөлім:Дананың сөзі - ақылдың көзі Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы | ||||||||
Оқу мақсаты | 8.А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу | ||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: Мақсатына сай үзіндіні таңдай біледі, қайта өңдеу, креативті жазу дағдысы қалыптасады. | ||||||||
Бағалау критерийі | Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жаза алады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар қолдана алады: Мақсатқа сай шығармадан үзіндіні таңдай біледі; Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдей алады; Өз көзқарастарын жазылым жұмысында креативті жеткізеді. Пәндік лексика мен терминология: түс, боталаған боз інген, беглердің қызын айттыру, сәнімен ұзатып алу. Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар: Менің ойымша... Менің байқауымша... Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын... Жырау көзқарасы мына жолдардан анық байқалады: | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапты азаматтық позиция, шығармашылық | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Ақтамберді жырау толғауларының идеясы мен маңызын анықтағанда тарих пәнімен байланыс болады. | ||||||||
Бастапқы білім | Алдыңғы сабақта оқушылар Ақтамберді жыраудың «Балаларыма өсиет» толғауындағы автор бейнесі мен тілдік қолданысын талдап, сыни ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тапсырмалар орындады. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||
Сабақтың басы 8 минут | 1.Миға шабуыл «Өрмекші торы» әдісі Сынып оқушылары шеңбер жасап тұрады. Интерактивті тақтадан Бекболат Тілеуханның «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын айтып тұрған бейнежазба көрсетіліп тұрады. (https://www.youtube.com/watch?v=8lEVCzKb6W0). Бір оқушының қолына оралған жіп бумасы беріледі. Ол оқушы жіптің ұшын шеңбердегі өзі таңдаған оқушыға сұрақ қойып лақтырады. Екінші оқушы сұраққа жауап беріп, үшінші оқушыға сұрақ қояды. Осылайша шеңбердегі барлық оқушы жіпті шырмай лақтырып, бір-біріне сұрақ қойып, жауаптарын тыңдап шығады. Сұрақ-жауап аяқталғаннан кейін оқушылар орындарына отырып, өз көзқарастарын бір минут жұбымен талқылайды. Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
| http://bilim-all.kz/olen/1907-Kuldir-kuldir-kisinetip Бекболат Тілеухан орындауындағы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы | |||||||
Сабақтың ортасы 28 минут | 2.Қызығушылығын ояту 1-тапсырма «Анықтау» Оқушылар «Боталаған боз інген, беглердің қызын айттыру, сәнімен ұзатып алу» тіркестерінің мағынасын анықтап, сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырады. 3. Мағынаны тану 2-тапсырма «4 – 3 – 2 – 1» әдісі Сынып оқушылары бірнеше топқа бөлінеді. Әр топ шығармадан үзінді таңдап алып, сол үзінділерге тақырып қояды.Оқушылар топтың таңдаған нақты тақырыптарын дәптерлеріне жазып алады. Әр топ таңдаған шығарма үзіндісін өңдеп газет бетіне жариялайтын әңгіме ұсынуы керек. «Қосымша» әдісі арқылы нақты тақырыптың біреуін алып, жұппен жоспар құрады. Құрған жоспарлары бойынша шағын әңгіме құрастырып, топта тыңдайды. Топ мүшелері бір жұмысты сынып алдына шығарады. Әр топтан бір оқушы өз әңгімесін оқиды. Сынып оқушылары ең үздік әңгімені «4 – 3 – 2 – 1» әдісіне сүйеніп газет бетіне жариялауға таңдап алады.Таңдалған жұмыс сынып бөлмесінің қабырғасына ілінеді. 3-тапсырма. «Кадроплан» тәсілі Оқушылар алдыңғы бөлінген топтарымен отырады. Әр топқа тапсырма нұсқасы таратылады. «Кадроплан» әдіс-тәсілі бойынша үш оқушыға үлестірме қағаздағы «1, 2, 3» сандары беріледі. Төртінші оқушыға сан берілмейді. Ол оқушы топтың спикері болады. Спикер тапсырманың орындалу барысын қадағалап, топ мүшелерінің айтқан ойларын жазып алып отырады. «1» нөмірлі оқушы толғау үзінділерінен оқырманға ой туғызатын «тірек сөздерді» теріп жазады. «2» нөмірлі оқушы толғау үзінділерін тарихи оқиғалармен байланыстырып, толғау үзіндісін өз сөзімен әсерлі сипаттап жеткізеді. «3» нөмірлі оқушы толғаудың өзіне ұнаған тұстарын өңдеп, қарасөзбен жазады. Топ спикерлері «Сіздердің пікірлеріңіз бойынша» тәсілі негізінде топ мүшелерінің тапсырмаларын сараптап, тақырып бойынша қорытынды ойларын айтады. Қабілеті жоғары оқушылар топ спикері болып сайланады, мұғалім спикерді өз тобындағы қабілеті орташа оқушыларға көмектесуге бағыттайды. 4. Бекіту 4-тапсырма «Бір минут» тәсілі Оқушылар екі-екіден отырады. Оқушыларға «Бір минут» тәсілі бойынша сұрақтар беріледі. Оқушылар бір минут ішінде өз ойларын жинақтап, сұрақтарға жауап беруге дайындалуы керек. Сынып оқушылары «Доп лақтыру» әдісі арқылы:
5.Салыстыру 5- тапсырма «Сурет бойынша болжа» әдісі Оқушыларға толғау үзінділері таратылады. «Боталаған боз інген, беглердің қызын айттыру, сәнімен ұзатып алу» сөз тіркестерін мағынасына сай сурет салу ұсынылады. Бір топтағы екі оқушыда сурет, екі оқушыда толғау үзіндісі болуы керек. Тапсырманы орындағаннан кейін жұппен пікір алмасып, төрт адамнан тұратын топқа бірігеді. Жұмыстарын бір-бірімен алмастырып, салыстырады. «Сурет бойынша болжа» әдіс-тәсілі арқылы салған суреттерін шығарма үзінділерімен байланыстырады. Суретке байланысты туған жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашады. Анықтаған жаңа сөздерді қатыстыра отырып, үзінді жолдарын өңдеп өз ойынан үш абзац құрастырып жазады. Жазған жұмыстарын сынып қабырғасына апарып іледі. 6.Бағалау Топ спикерлері «Галарея» әдісі бойынша сынып бөлмесінің қабырғасындағы жұмыстарға және толғау үзінділерімен байланысты құрастырылған үш абзацқа сараптама жасап, қорытындысын шығарады. Оқушылар жұмысты сабақтың басында өздері бірлесе жасаған бағалау критерийіне сай бағалайды. Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды спикер болуға бағыттайды. Қабілеті жоғары оқушылар олардың жауаптарына толықтыру енгізіп, кері байланыс беріп қорытынды жасайды. | ||||||||
Сабақтың соңы 4 минут | Кері байланыс: «Стикер» Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазып тақтаға апарып іледі:
| стикерлер | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау | |||||||
Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы«»«4 – 3 – 2 – 1» , «Кадроплан»,«Сурет бойынша болжа» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді. Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Галарея» әдісі кезінде жағдай жасалады. | Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады. | Үстелдер мен орындықтардың әр оқушының жеке жұмыс жасауына қолайлы болуына назар аудару қажет. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды