Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 15-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жырау«Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы

Оқу мақсаты: А/И1.Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:Шығарманың құрылымын жан-жақты талдайды.

Миға шабуыл : «Конверт сұрақ» әдісі

Оқушылар толғау мазмұны бойынша 2-3 сұрақ жазып, конвертке салады. Әрқайсысына екі минут беріледі.

Оқушы стикерге атын және жауабын жазады.

Екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі.

Топ спикері стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқып, сыныппен белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.

Оқушылар сұрақты шығарманың композициялық құрылымына сай құрастырып, пікір алмасады.

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын бірлесе отырып анықтайды.

Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі:

1- тапсырма: «Сюжеттік кесте»

1.Оқушылар сандар бойынша төрт топқа бөлінеді.Топ мүшелеріне толғау бөліктері бірнеше бөлікке бөлініп таратылады.

2.Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелері мәтін бөліктерін біріктіреді:

Сюжеттің басталуы

Сюжеттің байланысы

Сюжеттің дамуы

Сюжеттің шиеленісуі

Сюжеттің шарықтау шегі

Сюжеттің шешімі

2. Сюжеттік-композициялық талдауда сюжет реттілігі бойынша «сюжеттік кестені» қолдана отырып ойларын жеткізеді.

2-тапсырма :«Тақырыптық теннис» әдісі

Оқушылар төрт адамнан тұратын топқа бөлінеді. Үш ойыншы, бір судья.

Ойыншылар толғауды композициялық құрылымға сай қарасөзбен мазмұндап айтуы керек.

Топтың төртінші ойыншысы есеп жүргізіп отырады.

Төртінші ойыншы әңгімені мазмұндаушы ойыншылардың біріншісін тоқтатқан кезде келесі ойыншы оның ойын жалғастыруы керек.

Ойын мазмұндаушының бірі тоқтағанға дейін жалғаса береді.

3-тапсырма: «Серпілген сауал» әдісі

Оқушылар Бекболат Тілеуханның орындауындағы «Күлдір -күлдір кісінетіп» толғауын тыңдайды. (https://www.youtube.com/watch?v=15VisMaPUy4) Сонымен қатар толғау мәтіні де оқушыларға таратылады. Оқушылар естігендері мен оқығандарынан алған әсерлері бойынша пікір алмасады.

Пікір алмасу сұрақтары:

Толғау туралы ойыңыз қандай?

Тыңдағаныңыз бен оқығаныңызды қалай байланыстырар едіңіз?

Қандай әсер алдыңыз?

Бекіту

4-тапсырма: «Өкіл» стратегиясы

Сынып топқа бөлінеді;

Топтарға Ақтамберді жыраудың толғаулары туралы айтылған пікірлер таратылады, оны топпен талқылайды;

Әр топтан бір адам «өкіл» болып басқа топқа барады. Барған тобына пікірлер бойынша туындаған өз тобының көзқарасын жеткізеді, басқалардың сұрақтарына жауап береді, басқа «өкілдерді» тыңдайды, олардан алған ақпараттарын жинақтайды;

Өз тобына қайта оралады. Топ ішінде жинақталған ақпараттар бойынша талқылау жүреді.

Талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері толғаудың өздеріне ұнаған бөліктерін таңдап алып ары қарай жалғастырып жазады.

5. Салыстыру

5-тапсырма:

Жырау заманындағы азат ел болу жайлы арманы мен бүгінгі қазақ елінің дамыған ел қатарына қосылып, «тәуелсіз ел» атануын салыстырыңыз.

6. Бағалау

6 - тапсырма «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі

Оқушылар «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі арқылы үш адамнан тұратын топқа бірігеді: спикер, интервьюер, хатшы.

Әр топқа «Біздің тақырып» атауымен Ақтамберді жырау толғауынан алынған «Атымтай Жомарт, нөкер сайлау, шүлеңгір мырза атану, дұшпаннан кек алу» сөздері мен шығарма үзінділері жазылған қима қағаздар таратылады.

СПИКЕР: «Біздің тақырып» бөлігіндегі сөздерді шығарма үзінділерімен салыстырады (немесе шығарма идеясы туралы өз ойымен бөліседі).

ИНТЕРВЬЮЕР: мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

ХАТШЫ: үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді. Бағалау критерийіне сай қорытынды ойын айтып, жауаптар мен сұрақтарға баға береді.

Кері байланыс:«Кезбе тілші» әдісі

1.Оқушылар «Кезбе тілші» әдісі бойынша әр топты аралап жаңалықтар бағдарламасын жасайды.

2 .Жаңалық бағдарламасы үшін қойылатын сұрақтың үлгісі төмендегідей болуы мүмкін:

Егер сізге шығарманы қайта жазсаңыз қай бөлігін таңдап алар едіңіз?

Оны таңдауыңыздың себебі не?

Таңдаған бөлігіңіз сізге қандай әсер туғызды?

Таңдаған бөлігіңізді қалай жалғастырар едіңіз?

3. «Кезбе тілші» рөліндегі оқушы сұрақ бойынша жасаған бағдарламасын тақтаға апарып іледі, басқа топ мүшелері смайликтерге өз көзқарастарын білдіріп, кері байланыс беріп жұмыстың астына жапсырады.

[attachment=28231:aza-debieti_8-synyp_-1-tarau_-15-saba_-prezentacija_1-nsa.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу