А.С.Пушкин «Ескерткіш». Қазақ әдебиеті, 7 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалім түсіндірмесі:

 Символ – көркем бейне мен ұғымның қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай, ал көркем бейнеден гөрі нақтылы мәнге ие. Құбылтудың бір түрі.

 Синекдоха (мегзеу)- бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану.

Мысалы: Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға,

Бермек болған айғырдың көзі қайда? (Абай).

Қайталаудың түрлері:

Анафора- өлең тармақтарында бір сөздің не сөз тіркес-

терінің жол басында қайталануы.

Эпифора- өлең тармақтарында бір сөздің не сөз тіркес-

терінің жол аяғында қайталануы.

Ескерткіш

Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес, А

Ел ізі оған салған суи білмес А

Асқақтап Александр мұнарасынан Б

Жоғары оқшау шығып, тұрар дербес. А

Жоқ, өлмен, жаным жасар өлеңімде,

Шірімей, жасаңғырар денем мүлде.

Бар болса,жалғыз ақын ай астында

Ардақтап қасиеттер мені әр күнде.

Дабысым ұлы Россияға кетер жалпақ,

Тіл біткен жүрер менің атымды атап,

Славян елдерінің әр ұрпағы

Қазіргі тағы тұңғыс, қырда қалмақ.

Халқыма сүйікті ұзақ болар жерім-

Туғыздым өлеңіммен мейірлерің

Жыр етіп тар заманда еркіндікті

Мархабат пақырларға тілегемін.

Уа, муза, құлағың сал, сөзіме бақ,

Жабықпа жәбірлеуден, тілеме атақ,

Мақтауды, жаламенен тыңда салқын,

Тіреспе тіл үйіріп, не десе ақымақ.

Аударған Ғали Орманов.

Ескерткіш

Ескерткіш тұрғыздым мен асқақ шынар,

Шөп баспас ел соқпағын бастап шығар.

Тәккаппар Александр күмбезінен

Ол күмбез әлдеқайда асқақ тұрар.

Өлмеймін- мәңгі тірі жаным менің,

Іріп те шірімейді тәнім менің

Бір ақын жасар болса ай астында

Атымды атарсыңдар атым менің

Дабысым Ресейді кетер шарлап,

Есімім барлық тілге жетер жалпақ.

Өр кеуде славянның ұрпағы да

Тұңғыш та, фин, қалмақ та етер ардақ.

Үшін де сенімдерін ақтағаным,

Халықтың есінде ұзақ сақталармын.

Мадақтап тар заманда еркіндікті,

Жақтадым жандарды мен таптаған мұң.

О, Муза, Тәңірім боп қарасқаным,

Тауқымет, тәжбенен де санаспағын.

Өсек пен мадаққа да алаңдама.

Өзіме өзім өлмес ескерткіш құйыппын,

Қаптаған халық кетпейді әлі басынан

Тәккәппар ұлға қарайды басын иіп Күн,

Асқақ ол анау Александр бағанасынан.

Жоқ, өлмен мәңгі, көзімнің алды- ақ жарық.

Шіріген дүние тәңімнен үркіп өтеді,

Атағым менің аспанның астын қақ жарып,

Құрлыққа көшіп- құрлықты дүркіретеді.

Аңызға бөгіп мен жайлы Русь – ел іші,

Шақырар мені ардағы менен саңлағы,

Финнің қаймағы, славянның небір серігі,

Тұңғысы қырдың қалмағы.

Керуен көшті бастайтын бүгін келді сәт,

Лирамның шегі –қайғының легі неліктен?

Қатал ғасырдың қабағын бақпай ел құсап,

Азаттық! Сені жырладым азап шегіп мен!

Талақ қыл бәрін... Тәңірің –көкте, Ал асық!

Тәлкекке түспе тәж бенен таққа таласып,

Мадаққа мәз боп, мазаққа көніп, санасып,

Қайтесің, Музам, тантық тобырмен таласып?!

А.С.Пушкин.

[attachment=28206:didaktikaly-materialdar-4.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу