Төлен Әбдіков «Қонақтар». Қазақ әдебиеті, 7 сынып, нұсқаулық.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Төмендегі мәселелерді оқушыға дағды ретінде қалыптастыру өте маңызды!
Анықтама
Шолу дегеніміз - болған оқиға мен құбылысты қадағалау және ол туралы көпшілікке ақпарат беру.
Әдеби сын -көркем шығармаларды талдап, баға беріп , олардың идеялық-көркемдік мәнін әдебиеттегі орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы
Отбасылық құндылықтарды талдау үшін ақпарат
Отбасының құрылымы
- нуклеарлық отбасы» - ол күйеуі, әйелі мен олардың балаларынан құралады;
- «толықтырылған отбасы» - ерлі–зайыптылар жұбы мен олардың балалары қосылған (яғни «+») бұлармен бәрі бірге тұратын әжелер, аталар, ағалар мен тәтелер;
- «аралас отбасы» - ажырасып кеткен адамдардың некелесуі нәтижесінде пайда болады;
- «жалғыз басты ата – ана отбасы» - шаруашылықты жалғыз (соқа басты) ата – ана (шеше не әке) жүргізеді.
Отбасының түрлері:
- партриархалдық, онда әке отбасылық мемлекеттің басшысы болып табылады.
- матриархалдық, онда шеше ең жоғары билік пен беделге ие болып табылады.
- эгалитарлық, мұндайларда рөлі айқын көрінетін отбасы басшысы деген болмайды әрі шеше мен әкеге билік ахуалға қарай үлестіріле беріліп отырады.
Отбасылық қатынастар түрлері:
○ 1. Авторитарлық (жетекшілік) – барлық отбасылық қызметтерге басшылық жасау мен ұйымдастыру бір ғана отбасы мүшесінің қолына топтастырылған.
○ 2. Демократиялық (серіктестік) –міндеткерліктердің тең бөлінуін, отбасылық мәселелерді шешу ісіне тең қатысумен ерекшеленеді, бұл отбасылық қатынастардың озаттырақ түрі болып саналады.
Отбасылық құндылықтардың тізбесі:
• әр отбасы мүшесіне деген құрмет, қамқорлық,
• қаржылық қамтамасыз етілу,
• денсаулық, сүйіспеншілік, өзара түсіністік,
• ортақ мақсаттар,
• отбасылық дәстүрлер,
• білім алу,
• ұрпақтар сабақтастығы,
• балалар,
• ортақ достардың болуы,
• адалдық,
• абырой,
• сенім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?