М.Әуезов. «Көксерек». Қазақ әдебиеті, 7 сынып, презентация.


Б/С2. Заманауилығы мен жаңашылдығы

7.Б/С2.Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру

Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

Сабақтың мақсаты:

Шығарма мазмұнын толық түсіну;

Әдеби шығарманың жанрын анықтау;

Шығарманың жаңашылдығын анықтау;

Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені түсіну

Бағалау критерийі

Шығарма мазмұнын толық түсінеді;

Әдеби шығарманың жанрын анықтайды;

Берілген тақырып шеңберінде жеке көзқарастарын білдіре алады;

Сұрақтарды жүйелі құрастыра алады;

Талқылауға белсенді қатысады;

Алдыңғы сабақта өткенді қайталау

Шығарманың жанры:

Тақырыбы:

Идеясы:

Шығарманың жазылуына не себеп болды?

Дескрипторлары:

Шығарма мазмұнын толық түсінеді;

Әдеби шығарманың жанрын анықтайды.

«Коллаж әңгіме»

Түрлі-түсті суреттері бар журналдардан әртүрлі суреттерді қиып алып, флипчартқа жабыстырып, тақырыпқа қатысты әңгіме құрастырыңыздар. Шығарманың жаңашылдығы неде деген сұраққа жауап беріңіздер.

Дескрипторлары:

Тақырыпқа қатысты әңгіме құрастыра алады;

Шығарманың жаңашылдығы неде екенін анықтай алады.

«Ыстық орындық» әдісі

Сынып оқушыларын 4 топқа бөлеміз. Әр топтан бір оқушы «Ыстық орындыққа», шығарма авторы, басты кейіпкер, Құрмаш пен әжесі, шақырылады. Қалған оқушылар қоятын сұрақтарын талдап алады (әр кейіпкерге әр топтан бір-бір сұрақтан. Сонда 4 кейіпкерге 4 сұрақ дайындайды).

Үлгі сұрақтар

1.Авторға: «Шығарма атауының сырын түсіндірсеңіз»

2.Құрмашқа: «Сіз ауыл адамдары мен әжеңіздің ескертпесіне неге құлақ аспадыңыз?»

3. Көксерекке: «Сіз неге Құрмашты өлтірдіңіз?»

Дескрипторлары:

Берілген тақырып шеңберінде жеке көзқарастарын білдіре алады;

Сұрақтарды жүйелі құрастыра алады; талқылауға белсенді қатысады.

Рефлексия

Бүгінгі сабақ несімен ұнады?

Оқу мақсатына жеттім деп ойлайсыз ба?

Қай тапсырма сізге көбірек ұнады?

[attachment=28131:kkserek-6-saba.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Камшат
    Оқырман Камшат 30.01.2024 13:25
    0 + 0 -
    Керемет презентация