Махаббат пен абырой. М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, презентация.
«Ой шақыру» 1 минут
Суреттегі батырдың бейнесін және оның тұлпарын сипаттайтын 2-3 көркемдік тіркес жазыңыз.
дулығалы батыр, қаһарлы батыр, айбынды ер, темір сауыт, асау тұлпар, арғымақты ер, ереуіл ат, егеулі найза
Сабаққа болжам жасайық!
Сұрақтар:
Ал автор батырлықты қалай сомдаған?
Батырлықты жырлаудағы автор шеберлігі неде?
1-БӨЛІМ:Махаббат пен абырой
М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасының көркемдік ерекщелігіОқу мақсаты:
А/И3. Көркем шығарманың тілі
8.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.
Сабақ мақсаты:
Поэмадағы көркемдегіш құралдардың (кейіптеу, метафора, эпитет, теңеу, символ, синекдоха, қайталау түрлері, риторикалық сұрақ ) қолданысын анықтап, білдіретін мәнін ашу арқылы образ сомдау ерекшелігін талдау, автор ойын жеткізудегі орнына баға беру.
Бағалау критерийлері:
поэмадағы көркемдегіш құралдардың (кейіптеу, метафора, эпитет, теңеу, символ, синекдоха, қайталау түрлері, риторикалық сұрақ) қолданысын анықтайды;
білдіретін мәнін ашу арқылы образ сомдау ерекшелігін талдайды;
автор идеясын жеткізудегі қызметін анықтап, баға береді.
«Батыр Баян» көркем фильмінен үзіндіні тамашалайық!
Батыр кандай күйді басынан кешіруде? Атап жазыңыздар.
https://www.youtube.com/watch?v=eecesK63mzw
45.26-дан - 46.35-ке дейін
Проблемалық сұрақ:
Батыр да ет пен сүйектен жаралған адам. Автор Баянның батырлығымен қоса адами бейнесін, оның басынан кешкен махаббат пен намыс, ашу-ыза, ащы қайғы мен өзегін өртеген өкініш, қайнаған кек сияқты түрлі сезім шарпысуларын қалай сипаттап жеткізген?
Батырлығы
Адами тұлғасы
Қалай сипатталған?
«Сәйкестендіру»Көркемдегіш құралдарды мысалдарымен сәйкестендір. 30 секунд
https://quizlet.com/_8q82we?x=1qqt&i=2z5xqe
Мәнмәтін (контекст) деп тілдік тұлғаның орналасқан ортасын айтады. Лексикалық, грамматикалық омонимдердің, полисемиялы сөздердің мағыналарын айқындауда мәнмәтінді пайдалану шешуші рөл атқарады (Күннің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі; малды суар, малды ауыл, қолын малды).
Талдауда ескеріңіз!
«ЗЕРТТЕУ және ТҰЖЫРЫМ» 10 минут
Шағын жоба жұмысының талдау реті:
1-қадам. Кейіпкердің сипатын ашатын көркем сөздерді теріп алып, түрін ажырат.
2-қадам. Кейіпкер бейнесін танытатын 1 көркемдік қолданысқа 3 аспектіде талдау жүргіз:
Көркем сөздің білдіретін (тура) мағынасын анықта.
Мәнмәтіндегі мағынасын талдап, кейіпкерге мінездеме бер.
автор идеясын жеткізудегі орнына баға бер, идеяға қатысты түйін шығар.
3-қадам. Автордың образ ашудағы қолданған амал-тәсілін анықтап, тұжырым шығар.
Тұжырымда қамтылатын сұрақ:
Автор кейіпкер бейнесін сипаттау үшін қай суреттеу құралын көбірек қолданған? Неге?
Дескриптор:
кейіпкер сипатын ашатын кемінде 6-8 көркемдік қолданысты мәтіннен теріп алып, (эпитет, теңеу, метафора т.б.) түрлерін ажыратады;
кейіпкер сипатын танытатын 1 көркемдік қолданысты таңдап алып, 3 аспектіде талдау жүргізеді:
1) білдіретін тура мағынасын анықтайды;
2) мәнмәтіндегі мағынасын талдай отырып,
кейіпкерге мінездеме береді;
3)образдың автор идеясын жеткізудегі орнына баға
беріп, идеяға қатысты түйін шығарады;
Автордың образ ашудағы қолданған амал-тәсілін анықтап, тұжырым шығарады.
1-2-топ тапсырмасы
Зерттеу нысаны: Баянның батырлығын сипаттайтын көркем сөздер және оның образ ашудағы білдіретін мәнін талдау.
3-4-топ тапсырмасы
Зерттеу нысаны: Батыр Баянның сезімі мен көңіл күйін сипаттайтын көркем сөздер және оның образ ашудағы білдіретін мәнін талдау.
Талдау үлгісін шолып өтіңіз!
Жауаптарыңызды төмендегідей «Кесте» сызбасына қысқаша түртіп алып, ауызша талдап сөйлеуге әзірленіңіздер.
1-2-топ. Поэмадан үзінділер
№1
Қанайым, ойың удай, тілің шаян,
Амал не, келген жоқ қой батыр Баян.
Көп жаудың албастысы, ел еркесі
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның аруақты құр атынан
Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?
Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат
Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,
Келмесе қандыбалақ батыр Баян!»
№3
Қазақтың батырлары бәрі қыран,
Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап.
* * *
Тілегім – енді жауға аттаналық,
Қан көрсе, қас қыранда шер тұра ма?!»
* * *
Алашта ертеде өткен екі арыстан:
Ер Көкше, Ер Қосайдай ер бола ма?
Солардың нәсілінен Сары, Баян,
Барыстай ойын салған сар далада.
№2
Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді,
Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді,
Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап,
Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді?!
Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей,
Найзасын, сірә, шалғай сермеп пе еді?
Бірін айт, бәрін айт та, басқа батыр
Баяндай «алашым!» деп еңіреп пе еді?
Бұл жолы кешігуі жай емес қой,
Тұлпарым кез болды ғой орға, тегі!
№4
Ол қалды. Жүз жолбарыс майданды ойлап,
Тартады шабуылмен Іле бойлап.
Алдында ақ сұңқардай батыр Баян,
Екпіні қауға тиген өрттей ойнап,
* * *
Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен,
Қалың қол ортасында батыр Баян,
Баянның батырлығы алашқа аян.
* * *
Бұлақтай аспанға атып қан шапшыған,
Жараға тығып тұрып бармақ басын,
Қасқиып қан майданда тұрып қалды
Қайран ер, қайсар Баян жолбарысым!
3-4-топ. Поэмадан үзінділер
№1
Болмасын жас сұлудың білгеннен соң,
Ер Баян қарындас қып, ерік берген.
Алайда ар алысқан жүрегімен
Теңізде алысқандай күшті сеңмен.
Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап»,
Баянда жан қоймаған жандырмаған.
Сонда да сыр шығармай батыр Баян,
Жастық қып жанын естен тандырмаған.
№2
Боз үйде жалғыз қалып Баян енді,
Жаралы жолбарыстай күңіренді.
Ақылға алғыр құстай ашу төнді.
Бір көк сұр түс енгізіп бар денеге,
Сұм жүрек қанды өзіне жинай берді.
Ақыры ашу ерді билеп кетіп,
Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді.
Өлді ақыл. Атып тұрып батыр Баян,
Боз үйден оқ жыландай шыға келді.
Ер Баян сол кеткеннен кете барды,
Белінде жалғыз-ақ бір садақ бар-ды.
Бауырынан Обағанның орғып өтіп,
Арыстан айдалада дүбір салды.
Көрсе де дауыл гүлді – басылмады
Ер Баян арыстандай жаны жара,
Қалшылдап, көзі қан боп, қолын алмай
Байланған садағынан белде сала.
№3
Тәтті бал, балауса тал жас сұлуды
Көр болғыр екі көзім, көрдің неге?
Садақпен жүрегінен тартып кетпей,
Жыландай бауырыма сап келдім неге?
Есалаң жүрекке ерік бердім неге?
Буынып сол боз үйден шықпай өлмей,
Атылып оқ жыландай тұрдым неге?!
* * *
Қайғыдан жарылғандай қайран жүрек,
«Уһ-уһ!» деп үзілгендей есіл өзек.
Қасіреті қара түндей Ер Баянның...
№4
Жапанда жапа-жалғыз еңіретті ерді,
Әлгіде ойды улаған ашу кезеп.
Ашудан бұғып қалған қорқақ ақыл
Күбірлей бастады енді: «Мұның не?» – деп.
Зарланып күңіренді батыр Баян,
Мезгілде күңгірт тартқан кешке таман:
«Кең ақыл, отты қайрат, сырттаным» деп
Ер едім еркелеткен алаш тамам.
Сындырдым азғана Уақ елім белін,
Елімнен кетіп, елді қайдан табам?
Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі,
Ісімді мынау ағат немен жабам?
Қарабет болдым алаш баласына,
Ер дер ме енді мені Абылай данам?!
Ел беті енді маған болсын арам,
Алашым, аттанамын, жауыңда өлем!»
Топтар жұмысын қорғайды және бағалайды. 5 минут
Кері байланыс
Талдаудың қай бөлігі қиындық туғызды? Неліктен?
Сабақтың мақсатына жеттік пе?
Сабақ мақсаты:
Поэмадағы көркемдегіш құралдардың (кейіптеу, метафора, эпитет, теңеу, символ, синекдоха, қайталау түрлері, риторикалық сұрақ ) қолданысын анықтап, білдіретін мәнін ашу арқылы образ сомдау ерекшелігін талдау, автор ойын жеткізудегі орнына баға беру.
Қай қолданысты анықтай алдық?
Қай талдау қиын болды?
Бағалау критерийлері:
поэмадағы көркемдегіш құралдардың (кейіптеу, метафора, эпитет, теңеу, символ, синекдоха, қайталау түрлері, риторикалық сұрақ) қолданысын анықтайды;
білдіретін мәнін ашу арқылы образ сомдау ерекшелігін талдайды;
автор идеясын жеткізудегі қызметін анықтап, баға береді.
Осы мақсат бойынша тағы жұмыс жасау қажет пе?
РЕФЛЕКСИЯ
«3-2-1» әдісі
Сіз үшін маңызды болған 3 ақпарат
Қиындық келтірген 2 жағдай
Келесі сабаққа 1 ұсыныс
Үйге тапсырма
Талдау жасау дағдыңызды жетілдіру үшін 1-2 көркемдік қолданысты «Кесте» сызбасында талдап жазып, жаттығыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?