С.Аронұлы "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы". Қазақ әдебиеті, 7 сынып, дидактикалық материал.


Қазақ әдебиетінен жұмыс жүргізуге арналған тапсырмалар парағы

Оқушының аты – жөні _______________________________________ ___ «____» 2017ж.

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийлері:

Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

  • Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік көзқарас тұрғыдан талдайды.
  • Өз көзқарасын білдіріп, тұжырым ұсынады.

Дағды

Білу және түсіну

Сыни ойлау және зерттеу

Дескрипторлар

  • кемінде 4-5 түсініксіз сөздің мәнін ашады;
  • кемінде 8 сөздің қолданысына байланысты тұлғалық болмысқа талдау жасайды;
  • нақты мысалдар арқылы тұлғалық болмысты саралап, гуманистік тұрғыдан баға береді;
  • өз көзқарасын білдіріп, тұжырым шығарады.

Тапсырма:

Айтыстағы екі ақынның сөз қолданыстары арқылы тұлғалық болмысына гуманистік тұрғыдан талдау жасаңыз. Кестемен жұмыс істеу арқылы ақындарға мінездеме беріңіз.

Сүйінбай ақынның тұлғалық болмысы

Мәтіндегі ақын бейнесін ашатын тармақтар, сөз тіркестері

Ақынның кандай тұлғалық болмысын танытады? Ақындарға мінездеме беріңіз.

Адамгершілік, ізгілік ұстанымы тұрғысынан баға беріп, тұжырым ұсыныңыз.

Жүйіріктер қосылмаған қою шаңға,

Қосылар Ассалаумағалайкүм, сәлем бердік,

Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.

Атақты ас-жиынды құттықтауға,

Бауырлас, қырғыз елі, саған келдік.

Мен Қарасай ұлымын,

Нар келдемнің түрімін.

Айтулы ердің бірімін,

Шапырашты батыр ел,

Батыр туған мен едім!

Менменсіген мықтының,

Талайын жеңген ер едім.

Қатаған ақынның тұлғалық болмысы

Мәтіндегі ақын бейнесін ашатын тармақтар, сөз тіркестері

Қандай тұлғалық болмысын танытады?

Адамгершілік, ізгілік ұстанымы тұрғысынан баға беріп, тұжырым ұсыныңыз.

Ау, Сүйінбай тоқтат сөзіңді,

Ояйын ба көзіңді!

Ақын мен деп ойлайсың,

Мен тұрғанда өзіңді!

Кенесары төреңнің,

Басын кесіп алғанмын,

Науырызбайдай бегіңді,

Итіме сүйреп салғанмын!

Заты жаман Сүйінбай,

Кәне кегіңді алғаның!

Алам деп кегің жүргенде,

Ішіңде кетер арманың!

[attachment=28122:alyptastyrushy-baalau-tapsyrmasy.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу