С.Аронұлы "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы". Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ: 5

Мектеп: Қарағанды НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Исина Б.К.

Сыныбы: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

3-бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл

А/И4. Шығармашылық жұмыс

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

 Сабақ мақсаты

Айтыстағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады.

 Бағалау критерийлері

Айтыстағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан сипаттап әрі әсерлі баяндап, дамытып жазады.

 Дескрипторлар

  • Айтыстың өту барысы мен ондағы оқиға желісіне өз көзқарасы тұрғысынан өзгеріс енгізіп жазады;
  • көркемдегіш құралдардыкемінде 2-3 түрін қолданып, оқиғаның өтетін орнын сипаттайды;
  • айтыскер ақындардың сырт бейнесін, портретін сипаттайды;
  • көрермен қауымның айтысты тыңдау барысындағы қабылдау эмоциясын егжей-тегжейлі, әрекеттері мен сөздерін сипаттап жазады.
  • Айтыстан кейінгі сәтті әсерлі баяндап жеткізеді.

 Құндылықтарды игерту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбектене білуге баулу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану дағдылары:

Таныстырылым көрсетіледі.

 Пәнаралық байланыс

Мәдениеттану, тарих, ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар, фольклористика саласы, орыс тілі

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер: әңгіме желісі, сипаттау, баяндау, әңгімелеу, оқиғаны өрбіту, портреттеу, көркем қолданыстар: эпитет, теңеу; метафора т.б.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

Айтыстан қалаған тұсын жатқа оқу

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

Басы

3 мин

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Оқушылар «Шаттық шеңберіне» жиналады. «Бес қадам» ойыны бойынша әрбір 4-оқушы ортаға шығып, тапсырмаларды орындайды. Рет саны бойынша таңдалған 5 оқушы 5 қадам аттап, төмендегі тапсырманы орындауы керек:

  • Сүйінбай атаған тарихи тұлғалардан 5 адамның есімін ата.
  • Сүйінбай ақынның бойындағы 5 қасиетті ата.
  • Қатағанның жіберген 5 қатесін ата.
  • Сүйінбайды жеңіске жеткізген 5 артықшылықты ата.
  • Айтыстан кейінгі Сүйінбай ақынның өмірінде болған 5 өзгерісті ата.

Қызығушылықты ояту:

Оқушыларға 2 минут айтыстың бас жағынан үзінді көрсетіледі.

http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s

http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s

Ортасы

34 мин

Мағынаны тану сатысы

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін, дескрипторларды талқылау. 3 мин.

Жазылым тапсырмасы

Төмендегі берілген әңгімені жалғастырып, айтыс өтетін орынды, оның өту барысын сипаттап, оқиға желісін өзгертіп, жазыңыз. Әңгімеңізде айтыскер ақындарды кейіпкер ретінде алып, олардың айтысқан сәттегі сезімдері мен көңіл күйлерін сипаттап, оқиға болатын орынды суреттеп,әсерлі түрде баяндап жазыңыз.

Алатаудың ар жағындағы жап-жасыл шоқылы дала төсі бүгін абыр-сабыр. Бұл асқа қазақ-қырғыз тегіс жиналуда. Сәйгүлік мінген қазақтың сал жігіттері де, домбырасын көлденең ұстап, үкілі тақиясын шекесіне қисайта киген айтыскер ақындары да бар бір топ жаңа келіп, кең даланы әнге бөлей келіп, белдеуге атын байлап жатыр еді...

Жазылымға қойылатын шарт:

  • айтыстағы оқиға желісіне өз көзқарасы тұрғысынан өзгеріс енгізіп жаз;
  • көркемдегіш құралдардың кемінде 2-3 түрін қолданып, оқиғаның өтетін орнын сипатта;
  • айтыскер ақындардың сырт бейнесін, портретін сипатта;
  • көрермен қауымның айтысты тыңдау барысындағы қабылдау эмоциясын егжей-тегжейлі, әрекеттері мен сөздерін сипаттап жаз.
  • айтыстан кейінгі сәтті әсерлі жеткіз.

Жазылымнан кейінгі жұмыс:

Өзіңді бағала:

Дескриптор бойынша өзіңді тексер.

«Автор орындығы» стр.

Жазылым жұмыстарын топта оқиды. Ең үздігін таңдап алып, «Автор орындығында» оқиды.

Рефлексия

3 мин

Рефлексия .

«Бес саусақ» стр.

Сұқ саусақ – ескерту

Бас бармақ – ұнаған жағы

Қалған саусақтар - сабақ туралы өзінің жеке пікірі.

Үйге тапсырма: Эссе жазу.

Эссе тақырыбы

...Ай, Сүйінбай, Сүйінбай,

Сүйінбай маған бұйым ба-ай!

деп жырлаған Қатағанның қатесі неде? Сөз саны- 150

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу