Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы: «Күлтегін» жыры

Сабақтың белгілі бір оқу мақсаты:

Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы.

Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

Бөлім тақырыбы:

Орхон-Енисей ескерткіштері

Сөздікпен жұмыс. Берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіру.

Қаған - хан.

Білге - ақылды, данышпан, білікті.

Шад, ата бектер - әскер басшылары

Тоғыз оғыз - тайпаның аты

Өтүкен - түркілердің қасиетті мекені. Монғолия аймағында.

Індепті - төмен түсіпті.

Ұша барды - дүниеден қайтты.

Балбалы қойылды - тастан жасалған мүсін, сынтас. (Көне түркі руларының әдеті бойынша, өлген кісінің басына оның тіршілікте жауласып өткен адамының мүсінін қоятын болған).

Халықты от-су қылмадым - өштестірмедім, тату еттім.

ТЖ. Айтылым тапсырмасы: «Үш қадамды сұхбат. Төрт адамнан тұратын топтар жұптарға бөлінеді: А және Ә, Б және В.

1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.

2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.

3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.

Әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды. Негізгі ақпаратты анықтайды.

А деңгейі: Салыстыру.

Жоқтау-жырды батырлық жырмен салыстыру

В деңгейі: Мінездеу. Кейіпкерлерге  мінездеме  беру. Күлтегін,  Білге

С деңгейі: Анықтау. Күлтегін  жауласқан  елдер  мен  жер  атауларын  анықтау

Дескрипторы:

1. Күлтегін  жауласқан  елдер  мен  жер  атауларын анықтай алады.

2. Кейіпкердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырады.

3. Жоқтау-жырды батырлық жырмен салыстыра алады.

Ж/Ж. Айтылым. Мәтіндік зерттеу

Дескрипторы:

Жырдан дәлел келтіре алады.

Жырдан өмірлік қағида шығара алады.

Өз ойын қорытындылай алады.

Кері байланыс: Сабақтан не үйрендің?

Үйге тапсырма:

Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» шығармасын оқып, танысып келу.

[attachment=28082:kltegin-5-saba.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу