Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, нұсқаулық.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

 Аквариум» әдісі. Бойынша сабаққа деген қызығушылықты арттыру

 Бұл – жеке жұмыс.

  • Мұғалім балық, жем, қармақ суреттерін жапсырма қағазға (стикер) жапсырып, оқушылырдың орындығының артына жапсырып кетеді,
  • Барлық оқушыларды қатыстыру үшін қызмет түрлерін ауыстырып, жапсырма қағаздарды басқа да оқушылардың үстелінің артына жабыстырып кетеді, бұл жағдайда барлық оқушылар белсенділік танытады.
  • Ережесі бойынша тақырыпты мұғалім ұсынады, осы тақырып бойынша сұрақты балықшылар қояды, аквариумдағы балық жауап береді, жем шашатын қамқор жандар балыққа көмектеседі.
  • Балық сұраққа жауап береді
  • Ау балыққа сұрақ қояды.
  • Қармақ балыққа сұрақ қояды
  • Жем балыққа сұраққа жауап беруге көмектеседі.

Дәйексөз » тәсілі

Қажетті жабдықтар: Флип-чарт, түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер.

Тапсырманы орындау барысы: Флип-чартқа өтілген шығармадан бірнеше дәйексөз жазылады. Дәйексөз жазылған флип-чарт қабырғаға ілінеді.

  • Әр топ бір дәйексөз таңдайды.
  • Топтар берілген үлгі бойынша шығарманы талқылайды:

A. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр? (1 ұпай)

B. Интерпретация:Үзіндінің немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз. (1-3 ұпай)

C. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыру. Дикция, детальдар, суреттеу, диалог. (1-3 ұпай)

  • Топтарға дәйексөзді талқылауға 4 минут беріледі. Дайын болған топ бастайды. Жұмысын қорғауға 2 минут беріледі.
  • Топ өз жұмысын таныстырып болғаннан кейін, қалған топтардың жұмысын толықтыра алады.
  • Әр топқа өз жұмысын таныстыруға 1 минут беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Ескерту: Барлық топ бір дәйексөзбен жұмыс істей алады. Талқылау кезінде жауаптардың қайталанбауын талап ету керек. Ондай кезде оқушылардың бірін-бірі белсенді тыңдау және бір-бірінің жұмысын бағалай білу дағдысы қалыптасады.

Тиімділігі:әдеби көркем шығарманы талдау, шығармаларды қайталау.

[attachment=27985:aza-debieti_6-synyp_4-tarau_1-saba__malimge-arnalan-nsauly_1-nsa-2-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу