О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» . Қазақ әдебиеті, 6 сынып, нұсқаулық.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі. Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі. Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
• иновацияның себептері;
• жаңалықты жобалау;
• жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:
• мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;
• инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
• бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;
• әлеуметтік-экономикалық жағдай;
• инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.
Білім беру саласындағы инновациялық технологиялардың басты мақсаты күнделікті өзгеріп жатқан өмірге оқушыларды дайындау болып табылады. Мұндай оқыту оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкестендіре отырып жүзеге асыруға негізделеді.
Педагогикалық инновациялық технология – оқу процесін жүзеге асыру техникасының мазмұны, жоспарланған оқыту процесінде жетістікке жету және педагогикалық теорияға, әдістемеге, мұғалімнің оқыту қызметін жоспарлауға бағытталған.
Педагогикалық технологияға тән ерекшеліктер:
- Болжайтын нәтижеге жету үшін алдын-ала белгіленген уақытта немесе мұғалім мен оқушы денсаулығының физикалық, техникалық қорын жұмсау деңгейін алдын-ала айқындау керек.
- Нақты жетістік критерийлер мен параметрлер арқылы зерттеледі.
- Педагогикалық технологияны кез келген мұғалім игеретініне кепілдік беруге болады.
- Педагогикалық технологияны оқытуда іс-әрекет арқылы ықпал ету теориясын міндетті түрде сақтауды қажет етеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?