О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» . Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ІІІ бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған... | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Турлыбекова С.К. | ||||||||||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» | ||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | Б/С4. Әдеби сын | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | ПОПС формуласын қолдануға дағдыланады. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... » • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » • Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім . | ||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | Адамгершілік,құрмет құндылықтары дамытылады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация ,интерактивті тақта | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Б/С2. Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру дағдылар қалыптастырылды. | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||
Басы 10 минут | Қызығушылықты арттыру. «Шеңбер» әдісі Ішкі және сыртқы шеңбер құрып, бірінші ішкі, содан кейін сыртқы шеңберде тұрғандар бір-бірімен сөйлеседі, сыртқы шеңбердегілер жылжып, сөйлесушісін ауыстырады. Сұрақтар:
Жаңа сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. | презентация | |||||||||||
Ортасы . 25 минут | Мағынаны тану кезеңі. «Әдеби үйірме» әдісі Қызмет жазылған қағаздар таратылып, әр оқушы өздерінің қызметімен танысады. Берілетін қызметтер: Зерттеуші,Баяндап беруші, Сұрақ құрастырушы,Сілтеме табушы, Дәнекер Қызметтері бірдей оқушылар бір топқа бірігеді.Әр топ өз жұмысын қорғау кезінде ПОПС формуласын қолданады. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім . Тапсырма. 1-топ. Зерттеушілер Тортай мен Орашқа мінездемені дәлелді түрде береді.Шығарманың идеясын анықтайды. Дескриптор:
2-топ. Баяндап берушілер. Шығармадағы басты мәселені әлеуметтік тұрғыдан талдап айтады. Дескриптор:
3-топ.Сұрақ құрастырушылар. 5 жай сұрақ,5 күрделі сұрақ құрастырады. Дескриптор:
4-топ.Сілтеме табушылар. Шығармадан мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді,көркемдегіш құралдарды табады.(2-3 мысал) Мысалы, эпитет -(жаймашуақ сәт, тас үңгір, жұмақты өмір, көк мұнар дүние, қоңыр үн) теңеу- (ұлардай шулап, ұядай қылып жинау, көк күмбезіне найзадай кіріп , Алтайдың шолпысындай) мақал-мәтелдер – (Тоқ бала аш баламен ойнамайды, «Ораза-намаз тоқтықта ғана») тұрақты тіркестер – Ит басына іркіт төгілу (молшылық), Қой аузынан шөп алмас (момын), Мұрнын көкке көтеру (паңдану) Дескриптор:
5-топ. Дәнекерлер. Венн диаграммасы арқылы шығарманы бүгінгі өмірмен баланыстырады. Дескриптор:
Бағалау кестесі арқылы топтар бір-бірін бағалайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» | Қызмет жазылған қағаздар | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс «5 саусақ» әдісі Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық Балан үйрек – маған түсініксіз болды Ортан терек – маған жеткілікті болмады Шылдыр шүмек – менің көңіл күйім Кішкене бөбек – менің ұсынысым | қағаз | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||
Оқушыларды мақтап, қолдау көрсету сабақтың өн бойында жүргізіледі. Қабілетті оқушылардың сыныптастарын қолдауына ықпал етемін және оларға күрделі тапсырма беруді көздеймін. | «5 саусақ»,бағалау парақшасы, кері байланысы арқылы тақырыпты меңгергенін анықтаймын. | Тарих пәнімен байланыстырылады. Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлу мақсатында көз жаттығуы жасатылады. Ынтымақтастық, құрмет құндылықтары дамытылады. | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?