С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Әдебиет

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»

Оқу бағдарламасына сілтеме:

Т/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Б/С2. Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Өлеңдердің тақырыбы мен идеясын түсінеді, заман бейнесін түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өлеңдердің әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді идеясы арқылы дұрыс анықтайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Өлеңдердің идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді, жаңашылдыққа баңа береді.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Бағалау критерийлері:

  • өлеңдерде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;
  • өлеңдердің идеясын өз көзқарасы арқылы жеткізеді;
  • ақын заманына салыстыра отырып баға береді.

Тілдік мақсаттар

Тақырып пен идея

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

С.Торайғыровтың шығармашылық өмір жолы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда кім болам?!

  • Балалар, Сұлтанмахмұт атамыз алдына «халықтың көзін ашсам, еліме пайдам тисе» деген ұлы мақсат қойды. Сіздер келешекте қай салада халыққа пайда тигізіп, ел игілігіне бағытталған жұмыс атқарғыңыз келеді?

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа қатысты ойларын шығады.

Оқушыларды сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру

Ортасы

5 минут

15 минут

10 минут

Ой шақыру

1.Оқушылар өздері жаттап келген өлеңдерін кезектесіп айтады.

2.Топтағы оқушылар өлеңдерді тыңдай отырып, лирикалық кейіпкер бейнесін ашатын жолдарды түртіп алады.3. Тыңдай отырып, мәтіннен өз өміріне, іс-әрекетіне септігін тигізер қандай қорытынды жасағанын айтады.

«Ақынның асқақ арманы»

Мұғалім оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыров өмір сүрген кезеңнің көрінісін сипаттайтын бірнеше мәтін таратады.

ЖЖ.

Оқушылар жұпта мәтін бойынша пікір алмасады.

Т.

Сол заманның белгілерін постер арқылы қорғап шығады.

С.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін оқиды.

Т. Топта төмендегі сұрақтарды талдау арқылы өлең идеясын, мазмұнын ашады:

  • Шәкірт нені армандайды?
  • Күн болудағы мақсаты не? 
  • «Қазақ аспанында күн болу» дегенді қалай түсінесің?

С/Т. Өлеңнің бір үзіндісі бойынша оқушы ойын жеткізуге бағыттау мақсатында «Пирамидалық талқылау» әдісі арқылы «Өлеңдегі осы эпизодтың маңызы қандай?» деген сұраққа жауап бере отырып жазады, айтады.

ЖЖ.

Мұғалім оқушыларға өлеңнің әр екі тармағынан үзінділер таратады. Жұптасқан оқушыға осы үзінділердің мағынасын бір-біріне түсіндіріп, белгілі бір уақыттан соң басқа жұпқа, одан кейін келесі жұпқа барып түсіндіреді.

Дескрипторлар:

  • заманның белгілерін іріктейді;
  • өлең идеясын, мазмұнын ашады;
  • өлең үзінділерін жан-жақты талдайды.

«Өршіл өлең, қайсар мінез, қилы заман»

Мұғалім сыныпқа ортақ сұрақ қояды:

С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңіннің сол заман үшін жаңашылдығы болды ма?

Ж.

С.Торайғыров өлеңінің өз заманында, қазіргі кездегі жаңашылдығы туралы ойларын жүйелеп, эссе жазады. Соңынан оқиды.

Дескрипторлар:

  • тақырыпты ашады;
  • заман ерекшелігін талдайды;
  • сөз санын сақтайды (50-60 сөз).

Қалыптастырушы бағалау.

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма: «Кім болам?» тақырыбында эссе жазу

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар дифференциациялық тапсырмаларды

орындайды.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде тексеріледі.

Қазақ тілі, тарих пәндерімен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта өзара құрмет пен шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу