Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты. Әңгіменің композициялық құрылысына талдау. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 1

Бөлім: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан»

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты.

Әңгіменің композициялық құрылысына талдау.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау

 Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Әңгіменің мазмұнын баяндайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әңгіменің мазмұнын баяндап, шығарманың композициясын анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Әңгіменің мазмұнын баяндап, шығарманың композициясын анықтап, сюжеттік дамуын сипаттайды.

 Бағалау критерийі

Әңгімені сюжеттік дамуына қарай композициялық құрылысына талдайды.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер:

«Заңғар күш иесі», «Күш атасы» , «Алып күш иесі»

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, дене тәрбиесі

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Ұлтжандылық, елжандылық тәрбие, ынтымақтастық, бір-біріне құрмет көрсетеді. Туған жерге деген құрметі артады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Алдыңғы оқу

О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат»

Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

5 минут

10 минут

Сабақтың ортасы

15 минут

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды өлең жолдары арқылы 4 топқа бөлу. Топ өздеріне түскен өлең жолдарының мағынасын айтып өтеді.

Атандым Мұқан палуан, бала жастан.Ішінде күштілердің болдым астам.Талай-талай жерлердің дәмін татып,Өтті дәурен осылай біздің бастан

Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын, үй тапсырмасын пысықтаймын.

II. Қызығушылықты ояту.

Күш атасы Қажымұқанның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаянын тамашалау.

https://www.youtube.com/watch?v=YIggh9qhrSk

Қажымұқанның өмірі мен шығармашылығы туралы ойларын ортаға салу.

1.Қажымұқан қай жерде,қай жылы дүниеге келген?

2.Болашақ чемпионның әкесі қандай болатын?

3.Бала Мұқанның балалық шағы қалай өтті?

4.Қажымұқанның балуандық жолы қай жылдан басталады?

5.Ол ең алғаш қай жерде өнер көрсетеді?

6.Қажымұқанмен күрескен әлем чемпиондары.

7.Қажымұқан қазақ тарихында алатын орны.

8.Қажымұқанның лақап атаулары.

9.Қажымұқанның майданға қосқан үлесі.

III. Мағынаны тану кезеңі. Топтық жұмыс

1-тапсырма:

Әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасаңыз.

Композиция

Басталуы

Дамуы

Өрбуі

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі

1. Басталуы: Мұқанның саудагер Иван Ногичке жалданып жұмыс жасау.

2. Дамуы:  Орлий Масликовтың  қызметіне ауысуы.

3. Шиеленісуі: Бір шана шөпті бай үйіне жая сүйретіп келуі.

4. Шақыртау шегі: Иван Лебедевтің мектебінен дәріс алуы, өзіне жақын дос табуы.

5. Шешімі:  Париж сахнасында өнерін көрсетіп, құрметке бөленуі.

Дескриптор:

  • шығарманың композициясын анықтайды.
  • шығармадағы эпизодтарды композициялық құрылысқа жіктейді;

2-тапсырма

Композиция бойынша әңгімені өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

Дескриптор:

  • композиция құрылымы бойынша әңгіменің сюжеттік дамуын өз сөзімен әңгімелейді.

Кері байланыс.

Бағалау

Таныстырылым

https://www.youtube.com/watch?v=YIggh9qhrSk

Слайд

Үлестірме

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

1. Маңызды ақпарат

2.Қиындық тудырған сәт.

3.Сабақта ұнаған аспекті

Үйге тапсырма: Қыламық ,кеспек, кіреші, бастырық , күртік қар, пұт, шабата сөздерінің мағынасын біліп келу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Оқушыларды бағалауда «Екі жұлдыз, бір тілек»,«Басбармақ» әдістерін пайдаланамын. Оқушылардың оқу мақсатына қол жеткізгеніне көз жеткізу үшін бағалау критерийлері мен дескрипторларды қолданамын. Оқушыларға тиімді кері байланыс беріп отырамын. Оқушылардың бөлім бойынша жырдағы құндылықтарды анықтағандарынан аңғарамын.

Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады: оқушылардың түзу отыруын қадағалап отырамын.

Сабақта интербелсенді тақтаны қолдану арқылы оқушылардың АКТ дағдылары дамиды. Оқушылардың Елжандылық, Туған жерге деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу