С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің маызды эпизодтары. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 (Т1)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің маызды эпизодтары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Анализ және интерпретация

6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау;

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Шығарма желісі бойынша маңызды тұстарын анықтайды;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығарма желісі бойынша маңызды тұстарына талдау жасайды;

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Шығарманың маңызды тұстары бойынша талдау жасап, өмірмен байланыстырады.

 Бағалау критерийі

 

  • Шығарма желісі бойынша маңызды тұстарын анықтайды;
  • Шығарманың маңызды бөлігіне талдау жасайды.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер:

Жанр, лирика, лирикалық кейіпкер, эпизод

Пәнаралық байланыс

тарих, қазақ тілі, ұлттық салт-дәстүр

Сабақта қамтылатын құндылықтар

ұлтжандылық, елжандылық тәрбие, ынтымақтастық, бір-біріне құрмет көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Интерактивті тақтамен жұмыс

Алдыңғы оқу

«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» өлеңдерінің идеясын, жанрлық ерекшелігін талдады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту Мақалды толықтыр

Талапты ерге .................. (нұр жауар)

Ер елі үшін ............... (туады), Елі үшін ............ (өледі)

Ер талабы ертеңді ................... (меңзер)

Ел үмітін ер ................. (ақтар), Ер атағын ел ................. (сақтар)

Оқушылар мақалды толықтырып, оларды өлең мазмұнымен байланыстырады.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады, талқылайды.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

10 минут

Мағынаны тану Сөздік жұмыс.

Өлең жолдарындағы берілген тіркестерді мағынасы сай сөздермен сәйестендіру тапсырмасы беріледі.

Сәуле қуған

білім іздеген

Белді буған

талаптанған, ұмтылған

Асылық айту

артық сөйлегенім емес

Надандықты тебу

қараңғылықты жеңу, оқу , көңілге тоқу.

толған айдай балкып туған.

Үлкен іс тындыру

Ойында оты барлар

Санасы ояу, түсінігі мол

 

Мұғалім «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің шығу тарихына тоқталады. Бұл өлеңді ақын өзінің ұстазы Нұрғалиға арнаған. Өлең 1913 жылы жазылып, 1922 жылы Қазан қаласында «Адасқан өмір»кітабында жарияланған. С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіндегі лирикалық қаһарман – ақынның өзі, яғни ақынның тұлғасы танылып тұр. Лирикалық шығармаларда ақын тұлғасы өлең кейіпкерімен тұтасып, кірігіп кетеді. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат – мақсатын, арман – аңсарын, сезім – күйін жырға қосады

Зерттеушілік әңгіме. Сұрақтар аясында оқушылар өлең мазмұнына сүйеніп, әңгімелеседі.

Өлеңде айтылған ақынның арманы ма, өтініші ме, әлде серті ме?

Ақынның арманы әлде, серті, өтініші орындалды ма?

Тапсырма Мағынамен жұмыс

Оқушылар жеке жұмыс орындайды

Өлең жолынан қалаған шумақты немесе толық ой аяқталатын екі тармақты таңдап, өлең жолдарын қара сөзге айналдырып жазады да берілген мақалдардың бірімен түйіндейді, Түйідеу себебін түсіндіреді.

Талапты ерге нұр жауар,

Ер елі үшін туады, Елі үшін өледі.

Ер талабы ертеңгі мегзер.

Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.

Сабақтың соңы

5 минут

5 минут

Ойтолғаныс кезеңі "Еркін жазу" стратегиясы.

«Заманыма сай талабым» тақырыбында шағын ой толғау жазады

Кері байланыс «Сұрақ, жауап, себебі ...»

Сабақта не қиын болды?

Себебі...

Сабақта не маңызды болды?

Себебі...

Сабақ несімен пайдалы?

Себебі ...

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап алу

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Оқушылардың өлең жолдарын жаттай алу қабілеті

Оқушылардың Елжандылық, Туған жерге деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Шығамын тірі болсам адам болып,Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,Жүргенше өмір сүріп, надан болып.Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,Алуға күнді барып белді буған.Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,Болмасам толған айдай балкып туған.Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,Ойында оты барлар асылық демес.Тебем деп тірі болсам надандықты,Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу