Қалмақан Әбді «Қажымұқан» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қалмақан Әбді «Қажымұқан» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі

Оқу бағдарламасына сілтеме

6.А/И2.Эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Шығармадағы автор бейнесін анықтаймын.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығармадағы автор бейнесін өзге кейіпкермен салыстырамын.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шығармадағы кейіпкер бейнесін өз ойыммен, көркем тілмен жалғастырамын.

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • үзіндіден автор бейнесін анықтайды;
  • кейіпкерлер бейнесін өз ойымен жалғастырады;
  • көркем тілмен бейнелей алады.

Тілдік мақсаттар

жусан, шілбиген ақсақ қара бала, кекіл шаш, жұлдыздың нуы...

Сабақта қамтылатын құндылықтар

өзгеге құрмет, өзара ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

тарих

АКТ қолдану дағдылары

интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Т/Ж3.Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

Топқа бөлу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің иығына қолын қойып, жақсы тілектер айтады.

Ой шақыру

  • Автор туралы не білеміз?
  • Жазушының қандай шығармаларын білесіздер?
  • Кейіпкерге қатысты тағы қандай тың ақпарат не білеміз?
  • Соғыс кезінде қартайған Қажымұқан қандай үлес қосты?

Ортасы

Топтық тапсырма

Берілген үзіндіні оқыңыз. «Даналық кілті» әдісі арқылы

үзіндімен жұмыс істеңіз.

1-топ. «Салыстыру» кілті.

Шығармада автор Қажымұқанның бет-бейнесін, киімін, өзін ұстай білу қасиетін салыстырыңыз. Шығармада автор өз бейнесін қалай көсетеді? Себебін түсіндіріңіз.

Бағалау критерийлері:

  • үзіндіден автор бейнесін анықтайды;
  • кейіпкерлерді салыстырады.

2-топ. «Бағалау» кілті.

Бала Қажымұқанның орыс байларына жалдану және қарсылықсыз қызмет ету себебін анықтаңыз. Алғашқы таныстықты автордың ерекше бейнелеуіне баға беріңіз.

Бағалау критерийлері:

  • үзіндідегі автор бейнелеуіне баға береді;
  • іс-әрекеттің себебін анықтайды.

3-топ. «Егер де...» кілті.

Егер де автор болсаңыз Қажымұқан мен Масляков арасындағы қатынасты қалай суреттер едіңіз?

Бағалау критерийлері:

  • автор бейнелеуінен өзгеше суреттейді;
  • қызықты етіп бейнелейді.

4-топ. «Керісінше» кілті.

Қажымұқан мен Масляков керісінше бейнелеп, оқиғаның қалай аяқталарын, қалай болғанын баяндаңыз.

Бағалау критерийлері:

  • автор бейнелеуін керісінше суреттейді;
  • ерекше көзқарас ұсынады.

Дифференциациялық тапсырма.

«Он жылдан соң» деп, оқиғаның уақыт өткеннен кейін қалай жалғасарын өз ойыңызша іліп әкетіңіз.. Көркем тілмен бейнелеңіз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийлері:

  • кейіпкерлер бейнесін өз ойымен жалғастырады;
  • көркем тілмен бейнелей алады.

«Ыстық орындық» әдісі. Оқушылар өз жазғандарын автор орындығына отырып, оқиды. Не себепті олай жазғанын түсіндіреді.

Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Табыс сатысы»

Мен............. БІЛЕМІН,

Мен ............ ТҮСІНЕМІН,

Мен ...............  ЖАСАЙ АЛАМЫН.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу