Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері

Оқу бағдарламасына сілтеме:

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Бағалау критерийлері:

  • өлеңдерде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;
  • өлеңдердің идеясын өз көзқарасы арқылы жеткізеді.

Өлең шумағы

Тақырыбы

Идеясы

Қоғамдық-әлеуметтік мәселе

ТАЛДАУ КАРТАСЫ

Шығармада қандай қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді байқадым?

Оны қай үзінділермен дәлелдей аламын?

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,

Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.

Шу дегенде құлағың тосаңсиды,

Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.

Таң қаламын, алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Сөз айттым «Әзірет Әлі», «айдаһарсыз»,

Мұнда жоқ «алтын иек, сары-ала қыз».

Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.

Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,

Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.

Батырдан барымташы туар даңғой,

Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.

Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,

Елірмелі маскүнем байқалған ғой.

Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,

Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!

Өлеңі бар өнерлі інім, сізге

Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге.

Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез,

Қанша қызық болады өзіңізге?

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба,Ойнап босқа күлуге.Бес нәрседен қашық бол,Бес нәрсеге асық бол,Адам болам десеңіз.Тілеуің, өмірің алдыңда,Оған қайғы жесеңіз.Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой –Бес асыл іс, көнсеңіз. Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз. Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз.Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз?Болмасаң да ұқсап бақ,Бір ғалымды көрсеңіз.Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз,Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз. Білгендердің сөзіне Махаббатпен ерсеңіз.Ақыл сенбей сенбеңіз,Бір іске кез келсеңіз.Ақсақал айтты, бай айтты,Кім болса, мейлі, сол айтты –Ақылменен жеңсеңіз. Надандарға бой берме,Шын сөзбенен өлсеңіз.Аят, хадис емес қой,Күпір болдың демес қой,Қанша қарсы келсеңіз.Көп орында көріне айтпа,Біздің сөзге ерсеңіз.Мұны жазған кісініңАтын білме, сөзін біл!Осы жалған дүниеденШешен де өткен не бұлбұл,Көсем де өткен не дүлдүл.Сөз мәнісін білсеңіз,Ақыл – мизан, өлшеу қыл.Егер қисық көрінсе,Мейлің таста, мейлің күл.Егер түзу көрінсе,Ойлап-ойлап, құлаққа іл.Ақымақ көп, ақылды аз,Деме көптің сөзі пұл.Жақынның сөзі тәтті деп,Жақыным айтты дей көрме.Надандықпен кім айтса,Ондай түпсіз сөзге.ерме.Сізге айтамын, хаупім - бұл.Өзің үшін үйренсең,Жамандықтан жиренсең,Ашыларсың жылма-жыл.Біреу үшін үйренсең,Біреу білмес, сен білсең,Білгеніңнің бәрі - тұл.Сөзіне қарай кісіні ал,Кісіге қарап сөз алма.Шын сөз қайсы біле алмай,Әр нәрседен құр қалма.Мұны жазған білген құл –Ғұламаһи Дауани,Солай депті ол шыншыл.Сөзін оқы және ойла,Тез үйреніп, тез жойма,Жас уақытта көңіл - гүл.

[attachment=27619:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_2-saba_-didaktikaly-material_2-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу