Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Әдебиет | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: 6Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» | ||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме: | 6.2.2.1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың барлығы орындай алады: Өлеңдердің тақырыбы мен идеясын түсінеді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Өлеңдердің әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді идеясы арқылы дұрыс анықтайды. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Өлеңдердің идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тақырып пен идея | ||||||||||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | Құрмет, ынтымақтастық | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, тарих | ||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс | ||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Абай Құнанбаевтың шығармашылық өмір жолы | ||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||
Басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу Психологиялық ахуал Бес нәрседен қашық бол,Бес нәрсеге асық бол... Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа қатысты ізгі тілектер айтып шығады. Оқушыларды «Талап», «Еңбек», «Терең ой», «Қанағат», «Рақым» қимақағаздары арқылы топқа бөлу Оқушыларды сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру | ||||||||||||||||||||
Ортасы 5 минут 20 минут 5 минут | Ой шақыру 1.Оқушылар өздері жаттап келген өлеңдерін кезектесіп айтады. 2.Топтағы оқушылар өлеңдерді тыңдай отырып, лирикалық кейіпкер бейнесін ашатын жолдарды түртіп алады.3. Тыңдай отырып, мәтіннен өз өміріне, іс-әрекетіне септігін тигізер қандай қорытынды жасағанын айтады.
Топтық жұмыс «Джигсо» әдісі 1-қадам: Өлеңдегі көтерілген мәселелер қаншалықты өзекті? (Оқушылар пікірі тыңдалады) 2-қадам: Оқушыларға тақырыптар ұсынылады. Өлең жолдарына сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алып, топпен үзіндінің тақырыбы, идеясы, әлеуметтік, қоғамдық мәселесіне талдау жасайды. 1-топ: Өлеңім – жастарға үлгі... 2-топ: Өлең – cөздің патшасы... 3-топ: Бес нәрседен қашық бол... 4-топ: Бес асыл іс... 5-топ: Ғылымға көңіл берсеңіз... 3-қадам: Мазмұн жинақтау топтарына қайта бөлінеді (топтағы рет санына байланысты, мысалы, 1-нөмірдегілер 1-топқа т.с.с.). Бұл топқа келген оқушылар өз топтарында жасаған талқылау жұмыстарын біріктіріп, өлеңдердің ортақ тақырыбы мен идеясын, көтерілген әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шығарады. 4-қадам: Осы топта өздері оқып, талдап келген шумақтарға талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті жеткізудің жолдарын белгілейді. 5-қадам: Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды. Олар өлеңдердің басты тақырыбы мен идеясын түсіндіретін карталарын (кестелерін) жасайды. Топтарда жасалған карталардың (кестелердің) мазмұнын талқылайды.
Дескрипторлар:
Қалыптастырушы бағалау. Топтық бағалау Топтар өзара бағалауды стикерге жазу арқылы жүзеге асырады. Жеке жұмыс 1-тапсырма Шығарма бойынша берілген кестені толтыр.
2-тапсырма «Түйінді ой» әдісі Оқушы өлең туралы түйінді ойын екі сөйлеммен жеткізеді. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үйге тапсырма: Абайдың жетінші қара сөзі Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі | ||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар дифференциациялық тапсырмаларды орындайды. | Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде тексеріледі. | Қазақ тілі, тарих пәндерімен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта өзара құрмет пен шығармашылықпен жұмыс жасайды. | |||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?