Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Бірінші қара сөз

 Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, бірталай өмірді өткіздік; алыстық, жұлыстық, тартыстық, әурешілікті де көрдік. Енді жер ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалықтық, ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі де қоршылық екенін білдік. Қалған өмірді қалай, қайтіп, не істеп өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

 Ел бағу? Тек елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтағай!

 Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Керегінше өздері бағар. Қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана, өмірімді қор қылар жайым жоқ.

 Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеңінді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі бір тез ескіретін күйік.

 Софлық қылып, дін бағу? Жоқ, оның да болмайды. Оған да тыныштық керек-ақ қой. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ. Осы елге, осы жерде не қылған софлық, қайдан шыққан?!

 Балаларды бағу? Жоқ, балаларды баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын бұны? Балаларымның өзіне ілгері өмірімнің, білімнің пайдасын тыныштықпен көрерлік орын тапқаным жоқ. Қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырып, не бол деп, кім бол деп бағам? Бұны да бір ермек қыла алмадым.

 Ақыры ойландым, осы бір ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, жаза беріп, ақ қағаз бен көк сияны ермек қылып, ішінен керекті сөздерді, ойларды тапса, жазып алсын. Я болмаса оқысын, керек емес десе, өзімнің сөзім деп, ақыры осыған ойланып, байландым, басқа ешбір жұмысым жоқ.

 http://aitaber.kz/blog/Asyl_soz/4270.html

ЖЖ. “Түртіп алу” әдісі: Мәтіннен көркемдегіш құралдарды түртіп жазып ал

[attachment=27614:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_1-saba__didaktikalyk-material_2-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу