Абай – ақылдың ақыны. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Әдебиет. Бөлім тақырыбы: Абайды оқы, таңырқа! | Мектеп: | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Абай – ақылдың ақыны | ||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | 6.2.4.1.- әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: Шығармада көтерілген мәселені анықтайды, хат құрылымын сақтап жазады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармада көтерілген мәселені анықтап, көзқарасын білдіреді. Хат құрылымын сақтап жазады. Кейбір оқушылар орындай алады: Шығармада көтерілген мәселені анықтап, көзқарасын білдіреді. Көркемдегіш құралдарды қолданып, хат құрылымын сақтап жазады | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Автордың шығармада көтерген мәселесін анықтап, өзіндік көзқарас тұрғысынан талдайды; Көркемдегіш құралдарды пайдаланып, хат құрылымын сақтап жазады | ||||||||||||||
Тілдік мақсат | Диалог және жазылымға қажетті тілдік қолданыстар | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих | ||||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | Патриотизм, адамгершілік | ||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс | ||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Доспамбет жырау | ||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||
Басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Жорға сұрақтар» 1. Абай қай жылы туылған? (1845 жылы) 2. Абайдың шын есімі кім? (Ибраһим) 3. «Абай » деген сөздің мағынасы нені білдіреді? (мұқият, ұқыпты, зерек) 4. Абайға екінші атты берген кімдер? (анасы мен әжесі) 5. Абайдың поэзияға деген қызығушылығын оятқан кім? (әжесі Зере) 6. Абай ана тілінен басқа қандай тілдерді білген? (араб, парсы, орыс) 7. Абай Семейге оқуға неше жасында барады? (10) 8. Абай қай жылы дүние салды? (1904 жылы) 9. Абай туралы әйгілі шығарма қалай аталады? («Абай жолы» романы) 10. «Абай жолы» романының авторы кім? (М.Әуезов) Оқу мақсаты, бағалау критерийлерін, құндылықтарды таныстыру, талқылау. | ||||||||||||||
Ортасы 10 минут 15 минут 5 минут |
Қызығушылықты ояту — Қалай ойлайсыңдар, адам не себепті ақындықпен, жазушылықпен айналысады? Мағынаны тану Ж-ЖЖ. Оқушыларға Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңіне байланысты мәтін таратылады. Оқушылар мәтінді жеке оқып, жұпта әңгімелейді. Сұрақ — Автор өлеңде қандай мәселені сөз етеді? 1.Т. Түсіндірме кестесімен жұмыс. Оқушылар топта автордың ақын мен оқырманға қоятын бір талабын таңдап, талдайды.
Дескриптор: Автордың ақынға қойған талабын анықтайды; Автордың оқырманға қойған талабын анықтайды; Өз көзқарасын білдіреді. Бағалау: Бас бармақ әдісі. Сергіту сәті: Дене жаттығуы (2 минут) 2.Ж. Автор өзінің өлең жазудағы мақсатын «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» деп өзі көрсеткендей, сендер ұлы ақынның өлеңінен қандай үлгі алдыңдар? Өлең мазмұнынан мысалдар келтіре отырып, көркемдегіш құралдарды қолданып, авторға хат жазыңдар. Дескриптор: Хат құрылымын сақтайды; Көркемдегіш құралдарды қолданады; Сөз саны – 80-100. Оқушылар авторға жазған хаттарын жұпта, топта оқиды. Әр топтан үздік деп танылған 1-2 хатты оқушылар сыныпта «Автор орындығында» отырып оқиды. Бағалау: Оқушылар жұмыстарды дескриптор бойынша бағалайды. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Н. Ә. Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс». | https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%
| |||||||||||||
Соңы 5 минут | Үйге тапсырма: Абай туралы жазылған ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің пікірлерін іздестіріп келу. Рефлексия - Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай? - Не ұнады, не ұнамады? - Неліктен? - Қандай ұсынысың бар? | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||
Оқушылар қабілет деңгейлеріне қарай дифференциациялық тапсырмаларды орындайды. | Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде жүзеге асады. | Тарих пәнімен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта патриотизм, адамгершілік құндылығын талдайды. | |||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1 2 Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?