«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің көркемдік құндылығы. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
«Борт журналы» стратегиясымен жұмыс жасау 5-10 минут мұғалім бүкіл аудитория бойынша дәріс оқиды. Оқушылар 20 минут ішінде өз «борт журналдарын» толтырады (түйінді сөздер, суреттер, тәжірибемен байланыстыра отырып. Оқушылар жұпта, сосын топта өз журналдарының мазмұнын талқылайды, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді, түсінбеген жағдайларда – мұғалімнен кеңес алады. Мұғалім бүкіл сыныппен «борт журналдарын» талқылайды, жалпы сұрақтарға жауап береді.
Ойлан, жұптас, бөліс – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.
«Фрейер моделі» әдісінде қолданған өте тиімді. Бұл жерде мәтіннің ішіндегі түйінді сөздерді алып, түйінді сөздерге анықтама беріледі, оның антонимдерін, синонимдерін, сөйлемде қалай орналасқанын анықтайды.
«FILA» кестесісің І-ІІ нұсқасымен жұмыс. Оқушылар топтарға бөлінеді. Барлығына бір мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады.
Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді. Мысалы:
Алдын – ала берілген атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша , жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.
Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.
Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан – жақта қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?