Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

 Жұппен ойлаңыз. Жұппен ойлау тапсырмасын орындау барысында олардың тақырып туралы ойлауға, ойларын жазуға және әріптестерімен талқылауға мүмкіндіктері пайда болады, қорытындысында олар талқылауға дайын болады. Неліктен жұппен ойлау белсенді оқытудың стратегиясы болып табылады? Белсенді не болды? Пікір алмасу біздің оқуымызға әсер етті, біз кітап оқудан емес, өзіміздің өмірімізден алынған тәжірибелерді талқылаудан үйрендік. Тыңдаушыларға белсенді болу мүмкіндігін беру үшін әртүрлі әрекеттер жасау қажет.

Оқушылар болашақта енжар емес, неғұрлым белсенді қатысушылар болып оқиды: Оқушылар оқуда белсенді түрде қатысқан кезде және ол үшін жауапкершілік алғанда, олар көп жаңа идеялар мен ақпараттарды ұғынады.

Белсенді оқытудың тағы бір тәсілі ақылмандар сарабы. Оқушылар жұптарда немесе қысқа топтарда сұрақтарға жауап беру, сұрақтарды шешу, идеяларды ойластыру үшін бірге жұмыс жасайды. Идеяның неғұрлым көп нұсқаларын ұсыну, әдеттегіден тыс идеяларды бөліп көрсету, және сынды жеңіп шығу. Процесстің соңына таман оқушылар идеяларды араластырып қалыптастырады, бұдан әрі ең жақсы  идеяларды таңдап алады. Нұсқаулыққа әңгімелеу тәсілдемесі:

Әңгімелесу оқушыларға ойлаудың жаңа және басқа тәсілдерін дамытуға көмектесуі мүмкін. Кешенді тестердегі лингвистикалық құрылыммен қызықтыруға болады, бұл ойлауды кеңейтуге мүмкіндік береді. Қысқа топтар: Оқушыларды қоршаған ортамен тығыз қамтамасыз ете алады, онда олар мәтіннің әртүрлі аспектілеріне қатысты идеяларды және сұрақтарды ұсынып және әртүрлі жағдайлар үшін жазылған мәтін аралықтарын салыстыра отырып мәтінді талдайды, ойластырады, бағалайды.

Ақылмандар сарабымәтінді белгіленген сұрақтарға жауап ретінде талдау және бағалау үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұған қосымша ақылмандар сарабы белгіленген мәтінге қатысты қолдануға болатын тәсілдемеге қатысты мәтіннің мұндай түрімен жұмыс істеуге қажетті, ойлаудың мұндай түріне миды дайындауға көмектесуі мүмкін.

Белсенді оқытудың әдіс-тәсілдері ұстаздардың жаңаша ойлай алатын, өз мәселесiн өзi шеше алатын адам тәрбиелеуге жәрдемдесуі, ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден өзгеруiне, балаға бағытталған сабақ процесiн ұйымдастыра алуы, сабағын белсендi, оқушымен тең құқылы дәрежеде жүргiзуі, жобаның философиясын терең меңгерген ұстаздардың шәкiрттерiн өз пiкiрiн ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргiзетiн, рухани жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде дамуына ықпал жасауы болып табылады.

Оқушылар білімнің өмірдегі маңызын түсінеді, теория мен тәжірибені тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім берген мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс.

[attachment=27582:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_1-saba__malimge-arnalan-nsauly_1-nsa-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу