Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.
ІІ бөлім: ... Абайды оқы, таңырқа!
Абай Құнанбайұлы«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі
Сабақ : № 19 | Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ | ||||||||||||||
Күні : | Мұғалім: Меңдібаева С.Ә | ||||||||||||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||
Сабақ мақсаты | Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау. | ||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: |
| ||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Тірек сөздер Үлгі беру, көзі ашық, тілі орамды | ||||||||||||||
Қажетті ресурстар | А3 қағаздар, түрлі - түсті маркерлер | ||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауы | ||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылықты ояту кезеңі Сөздердің мағынасын анықта . Осы сөздерді қатыстырып шағын мәтін жаз. Ермек үшін жазу, ертегіні теру, орамды тіл, үлгі беру, көзі ашық, жастар деген сөздер қиынды түрінде әр топтың алдына тасталады.Әр топқа бір-бір түсіндірмелі сөздік берілуі керек. Оқушылар топта осы сөздердің мағынасын анықтағаннан кейін, осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады. Сөйлемдер бір-бірімен мағыналық байланыста мәтін түрінде болу керек. |
| |||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 – 7 минут 5 минут 7 минут Ауызша кері байланыс 3 мин 10 минут Ауызша кері байланыс беру 2-минут Саралау тапсырмасы | Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма Салыстыр. Алғашқы шумақтағы ойды талда. «Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар» деген жолдардағы қарама-қайшы ойды анықта. Оқушылар Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін бірлесе отырып оқиды. Оқушылардың түсініп оқуына уақыт беріледі. Топ ішінде бір бала дауыстап оқуына немесе іштей жеке оқуларына болады. Әсерін арттыра түсу үшін мұғалім аудио арқылы тыңдатуға болады. Оқушылар алдымен бірінші шумақтағы ой мен өздерінің жазған шағын мәтіндегі ойды салыстырады. «Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар» деген жолдардағы қарама-қайшы ойды анықтайды, пікірлерін жұпта айтады. 2- тапсырма Абай Құнанбайұлы өлеңнің 2-шумағын қара сөзге айналдырып жаз. Бұл жолдарда қандай адамды сынайды? Неліктен? Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.Шу дегенде құлағың тосаңсиды.Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,Және айта бер дейді жұрт тыным бермей. 3- тапсырма Өлеңнің идеясы қандай? ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 4- тапсырма Үлгі бойынша өлеңге сатылай кешенді талдау жаса. Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады. Бағалау дескрипторы Оқушылар бірін-бірі жұпта бағалайды
Мұғалім қолдауын қажет оқушыға ізденіп, шағын жоба жазып келуге тапсырма: Абай Құнанбайұлының балалық шағы мен өскен ортасы қандай? Қосымша ізденіп оқығаннан кейін, сыныптастар арасында сауалнама жүргізу. Мысалы сыныпта 20 адам болса:
Сауалнама жүргізу арқылы оқушы ақын жайлы тереңірек білдіру мақсаты қойылады, ал бала үшін қызығы – басқалардың білімін анықтау. Зерттеу жүргізу маңыздылығын сезіну. | https://www.youtube.com/watch?v=twqMRDPuT0w презентация | |||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Сабақ рефлексиясы | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||
Ойлан Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?