А.Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының аты-жөні________________________________________________________

1-тапсырма

Сынып екі бөлікке бөлініп, бір бөлік «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», екінші бөлік «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі көтерілген мәселені анықтайды

«Фишбоун» әдісі.

Балықтың басы – Өлең идеясы

Үстіңгі сүйектері – Өлеңде көтерілген мәселелер

Астыңғы сүйектері – Ақын ұсынған шешу жолдары

Құйрығы – Мәселенің шешімі

2- тапсырма

Төмендегі зерттеу мақалаларын оқы. Жұпта талда.

1-мәтін

Абайдың ұлттық идеясы ғылым, халыққа сауаттылықты, жастарға ғылымның қасиетін жеткізу. Қоғам ғылымның қасиетін биік түсінген сайын ғылым ел өмірінде мәдени сананың бір бөлігіне айналады. Ғылым мен халықтың арасында мәдениет орын алса ғалымдардың қызметі дамиды, ғылым қоғамдық сананың тарихи деңгейін иеленеді:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Ғылым табу - адамның өмірлік парызы, кісілік міндеті. Халыққа қызмет ететін нағыз ғылымның иесін халық таниды. Ғылымды халықтың игілі деп түсінетін адам өмірден орынын белгілейтін адам. Адамның өмірдегі орны тазалықпен келіп, адамгершілігімен сақталап отырған. Өмірде орын табатын адамның мақсаты, тілеуі, қажеті санасымен, ақылымен, түсінігімен орнығады. Болашаққа сенім арқылы қарайтын адам, үнемі өзіне оралып отырады, адамның өзіне өзі ақылымен оралып отыруы орнын табуға икемдейді.

2-мәтін

Өлең ақынның кеудесін кернеп, жүрегін тербеген қуатты ойдың жемісі, ойды сырттай сұлу етіп өрнектеп, көркемдеп жеткізу үшін ақындық шеберлік, шалқар шабыт қажет. Абай поэзиясында өлең сөзге, ақындық өнерге аса жоғары баға беріледі. Өзінің «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Біреудің кісісі өлсе, каралы - ол...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» деген өлеңдерінде ақын сөз өнерінің қадір-қасиетін, өлеңнің адамның сезімі мен қоғамдағы жағдайын бейнелеудегі қызметін, жалпы ақындық өнерге қойылар талаптар мен өлшемдерді үнемі алға тартып отырады. Ол шын мәніндегі өлең сөздің мақсатын нысана тұтқан, азаматтығы пендешіліктен жоғары тұратын ақынның ғана көкірегінен шыға алатын ғажайып құбылыс екенін айтады. Реалистік поэзияны қалыптастыру жолындағы ақындық мұратын білдіреді.Өлең тілінің кіршіксіз таза болуын, бөтен сөзбен былғанбауын талап етеді. Осы орайда өзінің алдында өткен кей ақындарды сынға алады.Абайдың өлеңге, ақындық өнерге қоятын талабы аса биік. Ол, ең алдымен, өлеңнің көркемдік сапасына зер салады.

3- тапсырма

Ғалымдар пікірін сараптай отырып «Өзің үшін үйренсең, Жамандықтан жиренсең» тақырыбына сыни хабарлама жаз.

Сыни хабарлама белгілерін сақта!

  • Сыни хабарламаны жазушы басқа оқырмандарға өзі байқаған мәселені көрсетеді
  • Сол мәселе туралы өзіндік пікірін жазады
  • Өлеңнен мысал келтіру арқылы дәлелдейді
[attachment=27563:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_1-saba_-didaktikaly-material_1-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу