Абай бірінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


ІІ бөлім: ... Абайды оқы, таңырқа!

Абай Құнанбайұлының бірінші қарасөзі

Сабақ : № 26

Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ

Күні :

Мұғалім: Меңдібаева С.Ә

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаты

Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.

Құндылықтарды игерту:

  • адамгершілік
  • сыйластық
  • құрмет

Бағалау критерийлері:

  • Әдеби шығарманың жанрын анықтайды
  • Фабуласын анықтайды

Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер

баяндау тәсілі, бірде үдету, бірде бәсеңдету

Осыған дейін меңгерілген білім

А.Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 – 7 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

Терминдерді оқы. Топта талда.

Қара сөз (проза) - көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден (поэзиядан) бір айырмасы - онда сөз ырғағы еркін, әдебиеттегі сөз саптау қалпына сәйкес келеді, өлеңдегідей қандай да белгілі өлшемдер сақталмайды. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады

Фабула (лат. Fabulaаңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді:

  • Оқиғаны мазмұндау, баяндау тәсілімен, яғни оны өмірде болып жатқан рет-ретімен емес, авторлық шегіністер, орын ауыстырулар арқылы беру
  • Шығарманың белгілі бір формада баяндалуы, мысалы, естелік т.б. фабулалық тәсілдерді қолдану арқылы автор оқиғаның баяндауын бірде үдетіп, бірде бәсеңсітіп отырады

Оқушылар терминдерді оқиды, бір-біріне түсіндіреді, түсініксіз ұғымдарды сөздік пен мұғалімнің көмегі арқылы анықтайды.

Сабақтың ортасы

5 – 7 минут

5 минут

7 минут

Ауызша кері байланыс 3 мин

10

минут

Ауызша кері байланыс беру

2-минут

Саралау тапсырмасы

Мағынаны тану кезеңі

1-тапсырма

Бірінші қара сөзді оқы Автордың қарасөз жазудағы мақсатын анықта. Кестені толықтыр

Мақсаты

себебі

Менің түсінгенім

Ел бағу

Мал бағу

Ғылым бағу

Софылық қылып, дін бағу

Балаларды бағу

.....

2- тапсырма

Ақынның осы ойға келу себебеі неліктен? Ойыңды кеңейтіп жаз.

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3- тапсырма

Қарасөздің жанры, фабуласы туралы ой бөліс.

4- тапсырма

Абай орнында болып, өміріңе сараптама жасасаң немен айналысар едің? Ойыңды сараптап жаз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау дескрипторы

Қарасөз, фабула терминдерін біледі

Қарасөздің жазылу мақсатын анықтайды

Ойын еркін жеткізе алады

Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.

Қабілеті жоғары оқушыларға арналған тапсырма:

Ақын ойын қолдап немесе қарсы шығып ой толғау жаз.

Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

http://bilimsite.kz/kazakh_tili/2565-abay-kara-sozderin-adam-tarbiesinde-paydalanu.html

презентация

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ рефлексиясы

Эмоциональдық тұжырымдамалық карта үлкен ақ қағазға «арал» бейнесінде салынады (қуаныш, көңілсіздік,қорқыныш, күту, қанағаттану, Бермуд үшбұрышы және т.б)

Сабақтың соңында немесе аптаның соңында оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін, эмоциональдық көңіл- күйлерін тақтада ілініп тұрған тұжырымдамалық «арал» картасына маркермен (фломастермен) сурет салу арқылы немесе кеме суретін ілу арқылы бейнелейді .

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  • Конспектілеуді пирамидалық тәсіл арқылы бергенім дұрыс, ұтымды болды

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу