Абай қарасөздері. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін, тапсырма жауабын тексерер кезде таяқшаларды пайдалану арқылы қызықтыра түсуге болады.

Ол үшін дайын балмұздақ таяқшасына оқушының аты-жөнін жазып ортаға стақанға салып қойып, кез келген таяқшаны суырып алу арқылы жауап беруші оқушыны анықтауға болады.

Қарапайым тәсіл арқылы топтан спикер талассыз анықтады.

«Шеңбердегі әңгіме» әдісі

Орындалу барысы:Орындықтарды оқушылар бір-біріне қарап отыратындай қылып ортаға (ішкі және сыртқы) шеңберге отырады.

Бір-біріне қарап отырған жұптар өтілген тақырып бойынша 3 минут пікірталасады. Әрбір оқушы 90 секунд сөйлейді.

Уақыттың біткенін мұғалім қызыл карточка көрсету арқылы белгі беріп отырады. Үш минут біткеннен кейін сыртқы топ орнынан тұрып жылжиды. Мұғалім қызыл карточканы көрсеткеннен кейін тоқтайды, басқа оқушыға қарсы отырады.

Өз ойын айтпас бұрын, өзінен бұрынғы оқушының ойын қорытындылайды.

Біткеннен кейін, сыртқы топ тағы да орнынан жылжиды. Жаңа сұхбат басталғаннан кейін алдындағы екі кісінің ойын қорытындылап айтады.

 "Сандықша" әдісі.

Пайдалану мақсаты: әдебиет сабағында жеке тәжірибені өзектендіру үшін қолданылады. 

Қажетті жабдықтар: сандықша, жазуға арналған қағаз.

Орындалу барысы: Мұғалім сандықшаны ішіне абстарктілі заттарды салып толтыруды ұсынады, мысалы, мінез, тілек, т.б.Мысалы: Кейіпкерге ең керекті заттардың барлығын осы сандықшаға жина. Осы жағдайда өзің үшін не салар едің?

[attachment=27543:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_11-saba__malimge-arnalan-nsauly_1-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу