Абай қарасөздері. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.

«Оқы. Жұпта талда

  • Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. Сол арқылы ұлы ақын әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланған. Зерттеушілер қазір қара сөздерді философиялық шолу деп түсіндіріп жүр. Онда орта ғасырлық дәстүрлі түрік прозасы үлгісінің әсері де байқалады. Сонымен ақынның бірінші қара сөзінен бастайық. Мысалы, бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Мұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне қатысты ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге қарасөздерінде оралмайды. Бірінші қарасөзі алда айтатын қара сөздерінің «әлқиссасы» іспетті. Жер ортасы жасқа (45-55 жас арасы) келгенше сүрген өмірін айта кетіп, алда не істеп, не жазатыны туралы айтады. «Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» - деп ойланады. Ойлана келе өз ойларын қара қаламмен ақ парақ бетіне төгілте жазуға шешім қабылдайды. Ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағуды ой елегінен өткізіп, ойына келген нәрселерді қағаз бетіне түсіруді жөн деп шешеді. Ал осы ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағу туралы ойларын жазғанда «бағу» сөзінің көпмағыналылығын шебер пайдалана білген. Расында да Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары түрлі пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздерін жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөз ретінде бағалауға болады.  

Оқы. Жұпта талда

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу