«Аяз би» ертегісі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, презентация.


І бөлім: Туған жерім - аялы алтын бесігім

8-сабақ

Сабақтың тақырыбы «Аяз би» ертегісі

Сабақ мақсаты

Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Эссенің жазылу жоспары:

- Кіріспе (эссенің 30 % көлемі)

- Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);

- Қорытынды (эссенің 10 % көлемі);

Кіріспе

Кіріспе тақырыпты таңдау себебі және мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар құрылымдардан тұрады. Бұл кезеңде өз зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс құрастыру өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдердің реттілігі қажет. Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін«Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?», «Тақырыпты бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлуге бола ма , т.б

Негізгі бөлім

Негізгі бөлімтаңдаған мәселе және негізгі сұрақты қарау теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Осы бөлімде дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар, бұл сұрақ бойынша бар мәліметтерге қарағанда басқа дәлелдер мен ұстанымдардың негіздеу қажет.

Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан маңыздысы тақырыпшалар, олардың негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе ой толғаулар) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет. Қажет болған жерде талдаудың құралы ретінде кесте, сызба, диаграмма, сонымен қатар өз тәжірибеісін де пайдалануға болады.

Қорытынды

Қорытындытақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, цитата, әсерлі дәлелдеу. Қорытынды эссені толықтыратын өте маңызды элементті ұстауы мүмкін, басқа мәселелермен байланысын жоққа шығармай, зерттеудің (импликация) қолдануына сілтеме сияқты. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге боладыдеген сұраққа жауап болу қажет. Эсседе зерттеген мәселе бойынша қатысы, оны дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады

Эссе жазуда ұстанатын қадамдар

1 қадам. Эссеге қойылатын талаптарды анықта

2 қадам. Тақырыпты таңда

3 қадам. Ақпарат жина

4 қадам. Эссені жоспарла

5 қадам. Алдымен негізгі бөлімді жаз.

6 қадам. Қорытынды жаз.

7 қадам. Кіріспені жаз.

8 қадам. Жазғаныңды оқы.

9 қадам. Қатеңді тексер.

Эссе тақырыптары

Ертегідегі ел арманының жырланғанын Аяз би бейнесі арқылы талқылап жаз.

Мадан ханның өр кеуде, өзімшіл болуына қоғамдық ортаның ықпалы бар ма?

Аяз би – ұлттық ұлы қасиеттердің иесі

Рефлексия

[attachment=27492:aza-debieti_6-synyp_1-tarau_8-saba_prezentacija_1-nsa.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу