«Аяз би» ертегісі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, презентация.


І бөлім: Туған жерім - аялы алтын бесігім

«Аяз би» ертегісі

Сабақ мақсаты

Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру

Әдебиеттегі жаңашылдық туралы оқы. Түсінігіңді өмірлік мысалмен байланыстырып кеңейтіп айт.

Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым.

Дәстүр мен жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасы

Тапсырмалар

1-тапсырма

Егер Жаман біздің кезімізде өмір сүрсе, қай қасиеттері осы заманға сай келмес еді? Дәлелде.

2- тапсырма

Сұрақтарды жұпта талқыла

Ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнайды ? Неге?

Біздің заманымызда осы кейіпкерлерге ұқсайтын адамдар бар ма?

Жаманның түрі мен іс-әрекеті қандай?

Ханның уәзірлеріне берген тапсырмасының мәні неде?

Жаман туралы хан мен уәзірлер не ойлайды?

Жаман қалай сөйлейді?

3- тапсырма

Әңгіме желісі бойынша сахналық қойылым дайындап көрсет.

Рөлде: Мадан хан

Аудитория: қой бағып жүрген шал

Форма: диалог

Тақырып: жұмбақ сөз

Рөлде: Жаман

Аудитория: Меңді қыз

Форма: диалог

Тақырып: жұмбақ сөз

Рөлде: Уәзірлер

Аудитория: Жаман

Форма: диалог

Тақырып: Жарлық

Бағалау дескрипторы

Жұптық бағалау

Рефлексия «БАҒДАРШАМ»

Оқушыларға үш түсті белгілер беріледі.

Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңілкүйім жоқ

Сары түс - “Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.”

Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңілкүйім тамаша



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу