«Аяз би» ертегісі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.
І бөлім: Туған жерім - аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы «Аяз би» ертегісі
Сабақ : № 3 | Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні : | Мұғалім: Меңдібаева С.Ә | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Тірек сөздер фантастикалық негіз, оқиғалы шығарма, шатыс | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қажетті ресурстар | А3 қағаздар, түрлі - түсті маркерлер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Аяз би» ертегісі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3-4 мин | Қызығушылықты ояту кезеңі Төмендегі мақаланы оқы. Ертегіге тән ерекшеліктерді өз сөзіңмен дәптеріңе түртіп ал (конспектіле) Еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, оның мәдениеті мен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер ерекшелігі қамтылған халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі – ертегілердің бала тәрбиесінде алатын орны орасан зор. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе айтып, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі. Ертегілер – халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма. Онда табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген сан алуан құбылыстары айтылады, үстем тап өкілдерінің зұлымдық, қастандық әрекеттері әшкере етіледі, тыңдаушысын өмір күресіне бастайды, адам арманының жарқын болашағына жөн сілтейді. Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танудағы түсінігі мен көзқарасы көрініп отырады. Халқымыз ертегілерді өскелең ұрпақты елін, Отанын сүюге, халыққа адал қызмет етуге тәрбиелейтін құралдың бірі есебінде пайдаланған. Ондағы алуан түрлі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, олардың тапқырлық, айлакерлік, адамгершілік, ерлік істерін жастарға үлгі, өнеге еткен. Бұл ретте де ертегілердің тәрбиелік мәні зор болған. Төмендегі мақаланы оқы. Ертегіге тән ерекшеліктерді өз сөзіңмен дәптеріңе түртіп ал (конспектіле) Еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, оның мәдениеті мен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер ерекшелігі қамтылған халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі – ертегілердің бала тәрбиесінде алатын орны орасан зор. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе айтып, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі. Ертегілер – халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма. Онда табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген сан алуан құбылыстары айтылады, үстем тап өкілдерінің зұлымдық, қастандық әрекеттері әшкере етіледі, тыңдаушысын өмір күресіне бастайды, адам арманының жарқын болашағына жөн сілтейді. Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танудағы түсінігі мен көзқарасы көрініп отырады. Халқымыз ертегілерді өскелең ұрпақты елін, Отанын сүюге, халыққа адал қызмет етуге тәрбиелейтін құралдың бірі есебінде пайдаланған. Ондағы алуан түрлі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, олардың тапқырлық, айлакерлік, адамгершілік, ерлік істерін жастарға үлгі, өнеге еткен. Бұл ретте де ертегілердің тәрбиелік мәні зор болған.
|
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 – 7 минут 5 минут
7 минут Ауызша кері байланыс 3 мин 10 минут Ауызша кері байланыс беру 2-минут | Мағынаны тану кезеңі 1-тапсырма Сұраққа жауап бере отырып, көтерілген мәселені анықта.
2- тапсырма Төменде берілген пікірді оқы. Қай елде болмасын, жалпы ертегі жанры – аңыздық прозаның дамыған, көркемделген түрі. Оның мақсаты – тыңдаушыға өмірдегі жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен сұрқиялық, ізгілік пен жауыздық, олардың өзара күресі, бастабында ылғи да жамандық, сұрқиялық, жауыздық жеңгенімен, түптің түбінде жақсылық жарқырап көрініп, әділеттілік салтанат құрып, ізгілік жеңіс тұғырына көтерілетіндігі туралы ғибрат беру. Яғни ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық рөл атқарады. Басқаша айтқанда ертегі жанрының функциясы өте кең. Сондықтан қандай ертегі болмасын, оның ең басты мақсаты – сюжетті барынша қызықты да таңғажайып етіп ала отырып, оны көркемдеп, әрлеп баяндау. Қазақ халық ертегілерінің ішінде мұндай үлгідегі ертегілер өте мол. Солардың бірі – «Аяз би» ертегісі. Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне. Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей-кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам, соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне-өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған. Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Өйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да өмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды. Д.Мәсімхан http://el.kz/kz/news/archive/content-24586 Мақаладағы үш маңызды пікір ______________________________________________________________________________________________________________________________Мақаладан мен түйген ойлар ______________________________________________________________________________________________________________________________Ертегілердің идеясы ______________________________________________________________ ______________________________________________________________
3- тапсырма Кестені толтыр. Бұл кесте «Сегіз қырлы ой кестесі»деп аталады. ойыңды ертегі мәтінімен байдланыстырып дамытып айт.
Қабілеті жоғары оқушыларға арналған тапсырма Төмендегі дәйексөздерді (цитата) пайдалана отырып, ертегі идеясын ашып жаз
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
| презентация | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Сабақ рефлексиясы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлан Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?