«Алып Ер Тұңға» жыры. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.
Оқушының аты-жөні________________________________________________________
2-тапсырма. Берілген ақпараттарды топтарға бөліп, «Ақылдың алты қалпағы» әдісі негізінде өз ойын білдіру. Топпен орындалатын жұмыс түрі.
1. Алып-Ер Тұңға – аты аңызға айналған тарихи тұлға ,түрік мемлекетін ұйыстырған көсем. Ол - біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырда өмір сүрген Тұран елінің әміршісі. көреген көсемі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры, "Алып" - сақтармен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім.
.
2.Алып-Ер Тұңға – Иранның ұлы жазушысы Фирдоусидің "Шаһнама" кітабына кейіпкер болған. Онда Афрасияп, Тұран патшасы болып суреттеледі. "Тұран" – Тұр елі – түріктер елі деген сөз. Ол замандағы түріктер Енесай мен Ертіс, Дунай бойлары, Ауғанстан мен Иран, Сирия, Түркия жерлерін мекендеген. Көк Тәңіріне табынып, түрік жазуымен жазған.
3.Алып – Ер Тұңға – тарихи адам. Ақыл-айласымен, күшімен, айтса сөзін өткізіп, тірессе жеңіп, елді - ел қылған батыр әрі көсем. Ол қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Сол жоқтау ауыздан-ауызға тарап, одан ХІ ғасырда түрік ғалымы Махмұт Қашқаридің "Түркіше сөздігіне" кірген, сөйтіп біздің дәуірімізге жеткен.
4.Алып Ер Тұңғаның тарихи тұлғасы мен дастандағы әдеби бейнесі жайында кезінде Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Хамза Исфахани, Рашид әд-Дин т.б. аса құнды пікірлер айтқан. Бұлардың бәрі де дастанның басты қаһарманы Алып Ер Тоңғаны сақтар дәуірінде өмір сүрген мемлекет қайраткері ретінде сөз етеді. Олар, әсіресе, Тұран мен Иран арасындағы соғыста Алып Ер Тоңға өзін аса дарынды қолбасшы ретінде танытқанын ерекше атап көрсетіп отырады
5.“Алып ер Тұңға” дастанының негізгі идеясы - Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу болып табылады. Бұл дастан Алып Ер Тоңғаның қайтыс болып, бүкіл түркі елінің күңіренген жоқтау жырымен аяқталады. Алып – Ер Тұңғаға арналған жоқтау – ежелгі түрік әдебиетінің алғашқы нұсқаларының бірі болып есептелген.
Оқыған және тыңдаған деректерің арқылы төмендегі сұрақтарға жауап бер.
Ақ қалпақ. Фактілер, сандар және ақпараттар. Қандай ақпартпен таныстық? Қай ақпаратты Ең маңызды деп танисың?
Қызыл қалпақ. Эмоциялар, интуиция және болжам. Оқыған ақпараттар маған қалай әсер етті? Неліктен?
Қара қалпақ. Негативті ойлар Берілген ақпарттар қаншалықты шындыққа жанасымды? Айғақ па, әлде пікір ме?
Сары қалпақ. Позитивті ойлау Бұл ақпараттар қазіргі заманда маңызы,себебі қандай? 2 факті келтіру
Жасыл қалпақ. шығармашылық ойлау қалпағы. Алып Ер Тоңға ерлігінің өміршеңдігі неде? Тәуелсіздіктің бастау алар бұлағын Алып Ер Тоңғамен байланыстыра аламыз ба?
Көк қалпақ. Барлық ақпартты қорытындылау біріншіден - басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап, екіншіден - өз тобына қайта оралып, жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады.
7-тапсырма. «Алып Ер Тұңға» өлеңін талдаңыз. Талдау келесі үлгі бойынша жүргізіледі.
Өлең талдау
Өлеңінің тақырыбы________________________________________________________
Идеясы___________________________________________________________________
Қолданылған әдеби құралдар
1.Аллитерация_____________________________________________________________
2. Риторикалық сұрақ_______________________________________________________
3.Теңеу___________________________________________________________________
4. Эпитет__________________________________________________________________
5.Тұрақты сөз тіркестері
Көркемдегіш құралдың өлеңге берер әсері (Бұл тәсіл неліктен қолданылғанына талдау жүргізу) __________________________________________________________________
Маған ұнаған өлең жолдары. Неліктен?_______ ________________________________
Өлеңде көтерілген тақырыптың заманмен байланысы___________________________
Өлеңге берер менің бағам___________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?