Әл-Фарабидің «Қашықтасың, туған жер» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Әдебиет

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Әл-Фарабидің «Қашықтасың, туған жер» өлеңі

Оқу бағдарламасына сілтеме

6.2.2.1. Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Өлеңнен автор бейнесін ашатын үзіндіні анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өлеңнен автор бейнесін ашатын үзіндіні анықтап, дәлел келтіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өлеңнен автор бейнесін ашатын үзіндіні анықтап, дәлел келтіре отырып талдайды.

Бағалау критерийлері

Өлеңнен автор бейнесін ашатын үзіндіні анықтай отырып, пікіріне дәлел келтіреді, автор бейнесін талдайды.

Тілдік мақсат

Автор бейнесін ашатын сөздер: Ақын – өз елінің патриоты т.с.с.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Құрмет, елжандылық

Пәнаралық байланыс

Тарих

АКТ- ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Әл-Фарабидің «Қашықтасың,туған жер» өлеңінің көркемдік ерекшелігі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

10 минут

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушылар «Карусель» әдісі бойынша сыныпта ішкі және сыртқы шеңберде тұрып, Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы бойынша ізденіп келген мәліметтерін мұғалімнің белгі беруімен жұптар алма кезек ауыса отырып әңгімелейді. Сыныпта 1-2 оқушыдан жұбының дайындап келген мәліметі туралы сұралып, бағаланады.

Оқушыларды тұрған орындарында «Молекула» ойынын ойнату арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту Мұғалім Әл-Фараби туралы аңызды әңгімелейді.

Өнерлі жігіт

Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбу Насыр одан: «Күніне қанша табасың?» – деп сұрайды.

- Екі дирхемге жетер-жетпес қана.

- Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагер:

- Мына дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті. Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.

Сұрақ:

- Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыздар?

- Білім адамға не үшін керек?

Оқушылар жауабы тыңдалып, талқыланады.

Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру, талқылау.

http://engime.org/sabati-tairibi-el-farabi-ashitasi-tufan-jer.html

Ортасы

15 минут

10 минyт

Мағынаны тану

1.ЖЖ-T. Оқушылар екі қадамды кестемен жұмыс жасайды.

1-топ

Автор бейнесі

Өлеңнен үзінді

Себебі

Ақын – өз елінің патриоты

Қашықтасың туған жер – қалың елім,

Не бір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен.Қанатым талды менің,

Шаңыт жолға сарылып қарауменен.

Ақын шет жерде көптеген жыл өмір сүргендіктен өзінің туған еліне деген сағынышын, ыстық сезімін жырға қосады.

2-топ

Автор бейнесі

Өлеңнен үзінді

Себебі

Ақын басқаларға сын көзбен қарайды

Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,

Әкімдікке күллісі жүгіреді.

Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,

Жаным менің түршігіп, түнереді.

Ақын кейбір билікке құмар, көкірегі саяз адамдардың ісіне күрсініп, жанының түңілгендігін жасырмай, өлең жолына қосады.

3-топ

Автор бейнесі

Өлеңнен үзінді

Себебі

Ақын өзіне сын көзбен қарайды

Қайтейін мен көкжиек кеңдігімді,

Келер күнге үмітпен жол ашамын.

Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,

Соны медет етеді болашағым.

Ақын өзі білімді адам болғанымен, келер күннен үмітін үзбей ғылыммен айналыса отырып, шарапты да ішетіндігін жасырмайды.

4-топ

Автор бейнесі

Өлеңнен үзінді

Себебі

Ақын болашағынан үміт күтеді

Қайтейін мен көкжиек кеңдігімді,

Келер күнге үмітпен жол ашамын.

Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,

Соны медет етеді болашағым.

Ақын өзінің еңбекпен өткізген өмірінің келер ұрпаққа үлгі болатындығын сөз ете келіп, болашағынан үмітін үзбейтіндігін жырлайды.

Дескрипторлар:

Өлеңнен автор бейнесін ашатын үзіндіні анықтайды; Үзіндінің автор бейнесін ашатындығын дәлел келтіре отырып талдайды.

Бағалау: «Шапалақ» әдісі.

2.Ж. Әл-Фараби сөзіне 5 жолды өлең жазады.

1.Әл-Фараби.

2. Дарынды, ұлы.

3.Білім алды, ұстаздық етті, туған жерін аңсады.

4. Соңынан мол рухани қазына қалдырды.

5. Шығыс Аристотелі.

Жазған өлеңдерін жұпта, топта оқиды. Әр топтан үздік шыққан өлеңдер сыныпта оқылады.

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»

https://martebe.kz/al-farabiomirbayany/

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.

Рефлексия:

Мен ... үйрендім. Себебі ...

Маған ... ерекше әсер етті. Себебі ...

Мен ... қызықтым. Себебі ...

Маған ... көңілсіз болды. Себебі ...

Мен келесі ... сабаққа ұсынамын. Себебі ...

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар дифференциациялық тапсырмаларды

орындайды.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде тексеріледі.

Тарих пәнімен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта өзара құрмет пен елжандылық құндылығын талдайды.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1

2

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу