Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» Қазақ әдебиеті, 5 сынып, презентация.
Бөлім атауы: Отбасы құндылықтары
5Т1
Сабақтың тақырыбы:
Т.Нұрмағамбетов
«Анасын сағынған бала» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Бағалау критерийлері:
Эпикалық шығарманы біледі;
Автор бейнесін анықтай алады;
Ой шақыру
«Анасын сағынған бала» деген ойды естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Түсіну
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
ОҚЫЛЫМ. «Джигсо» әдісі
-Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір мәтіннің 4 бөлігі бөліп беріледі. Оқып болған соң, әр оқушы 1,2,3,4 – топтарға барады, яғни жаңа топ құрылады.
-Әр оқушы келген тобындағы мәтіннің бөлігі туралы айтып түсіндіреді.
-Оқушылар тұтас мәтінді талқыға салған соң, басты кейіпкерлерін, оқиға өрбуін, қарама-қайшы тұстарын талдайды.
Қолдану
1.Жазушы баланың анасына деген сағынышын қалай суреттейді?
Талдау
ТЖ
1.Топта берілген үзіндіні талдап, жалпы проблеманы анықтаңыз.
Автордың Ананың әрекетіне деген көзқарасына сен қандай ойдасың?
Дескрипторлар:
-проблеманы анықтайды;
-мәселені шешуде ұсынысын білдіреді.
1-топқа
-Мамамды тауып алсақ... әр жағында папамды да іздемейміз бе? Олар базарда бір-бірінен адасып қалған ғой. Өйткені базар үлкен. Мамам айтқан Алматының базарының ана шеті мен мына шетіне көз жетпейді деп... Құжынаған халық деп...
2-топқа
Жұртпен дуылдаса қоштасып, енді жеңіл машинаның алдына отыра бергенде барып Есмағамбеттің көзіне Сержан түскені. Ол қолына ойыншық ұстаған күйі, шығарып салушылардан бөлек тұр екен. Жүзі алабұртулы. Өткір көздеріне ыза мен мұң ұялағандай. Бірақ жанарын аудармай, Есмағамбетке тесірейе қалған. Сол қалпында ол: «Ақыры мені ертпедің бе? Берген уәдеңде тұра алмадың ба?» деп тұрғандай еді.
Жинақтау
Автор қандай әдіс -тәсілдер арқылы шығарманы оқуға ынталандырды?
Бағалау
«Егер автор болсам... не істер едім?» тақырыбында авторға баға беріңіз.
«Егер Сержан болсам... не істер едім?» тақырыбында Сержанның атынан жазушыға баға беріңіз.
«Егер Күміскүл болсам.. не істер едім?» тақырыбында Сержанның анасы Күміскүлдің атынан авторға баға беріңіз.
Бағалау. Бағалау критерийлері бойынша бағаланады.
Кері байланыс: «Бес жолды өлең» стратегиясы
Зат есім-
Сын есім-
Етістік-
Синоним-
Үй тапсырмасы:
1.Шығарма мазмұны бойынша сурет салып келіңіз.
2.Ана туралы 1 өлең жаттап келіңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?