Т.Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары №1
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім атауы: Отбасы құндылықтары | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Рая Абжановна | ||||||||||
Кәсіби даму мақсаты: | Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, көркем тілде жүйелі сөйлеу дағдысын дамыту | ||||||||||
Сынып: 5 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: 20 | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Т.Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі | ||||||||||
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | ||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы | ||||||||||
Сабақтың оқу мақсаты: | Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. | ||||||||||
Бағалау критерийлері: | Барлық оқушылар орындай алады: Шығарманың мазмұны мен тақырыбын меңгереді, идеясын анықтайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармадағы сөздердің мағынасын түсініп, тапсырмаларды орындай алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Шығарма бойынша берілген күрделі сұрақты талқылай алады және пікір айта алады. | ||||||||||
Дағдылар: | Түсіну және жауап беру | ||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар отбасы мүшелерінің атауларын және ана туралы көркемдегіш сөздерді меңгереді. Шығармадағы мұң, қасірет, жетім сөздерінің мағынасын түсінеді. | ||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар: | Оқушылардың отбасына деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады. | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы, музыка, бейнелеу өнері, театр, т.б. өнер түрлерімен байланыс жүзеге асырылады. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта мен ғаламторды пайдалана білу | ||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | М.Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесі бойынша «Қалидың мінез-құлқындағы өзгерістердің себебі неде?» деген тақырыпта әдеби эссе жазады. М.Қабанбай «Бауыр» http://kitap.kz/index.php/catalog/audiobook/2302-bauyr_audiobook_marat_k | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||
Сабақтың басы 4 минут 3 минут 5 минут | Қызығушылығын арттыру. Тыңдалым алды тапсырма Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Ару ана» әнін бейнеклиптен тыңдайды. Оқушылар осы ән арқылы талданатын әңгіменің идеялық мазмұнын болжап, талқылайды. «Ару ана» әнін тыңдату. Ару ана әні: Құралай Сәтмұхамбетова Өз балаңнан артық бала бар ма, ана? Мәз боласың жарай қалсам шаруаңа Теңізді де кешіп өтіп жетпей ме Жан ботасын сағынғанда, ару ана? Ару анасың, мен ботаңмын, жан ана, Сенсіз менің бақ жұлдызым жана ма? Сенсіз менің айым туып алдымнан, Атым шауып, бас бәйгені ала ма? Асыл анам, сенен қуат алайын Алдым сенен алтын таңның арайын Сенің ғана жанарыңда тұратын Мейірімді қайдан ғана табайын?Тыңдалым тапсырмасы Ән мазмұны бойынша бір сөйлемнен жазып, кезектесіп оқиды. С. Ойқозғау Оқушылар әннің мазмұнына өз пікірлерін қосып, талдау жасайды.
| https://www.youtube.com/watch?v=ner17FXijdA Мейрамбек Беспаев - Ару ана Презентация | |||||||||
Сабақтың ортасы 2 минут 3 минут 5 минут 3 минут 7 минут 5 минут | Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.
Оқылым алды тапсырма Оқушыларға жазушы жайлы қысқаша мәлімет беріледі. Түрткі сұрақтары:
Оқылым тапсырмасы Білу және түсіну Оқушылар әңгіменің кіріспесін оқиды, сөздік жұмысын жүргізеді. Сөздік жұмысы: Мұң – Қасірет – Жетім – Талдау және жинақтау Шығарманың алғашқы 2 бетінің көшірмесі мен сұрақтар тізімі бар парақтар таратылады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, тақырып пен идеяны анықтайды.
Оқылымнан кейінгі тапсырма Қолдану Оқушылар өз аналарына арнап бір шумақ өлең шығарады. Бағалау. | http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/848/ Презентация | |||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия.
Ықтимал жауаптар:
Үйге тапсырма: Т.Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін толық оқу. | ||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||
Сабақта оқушылардың барлығын тақырып аумағында өз пікірін білдіруге, әдеби сөйлеуге жұмылдырып отырамын. Қабілетті оқушыларға шығарманың мазмұны туралы сұрақтарды күрделендіріп қоямын және топтарда көшбасшы болуға тартамын. | Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен берілген тапсырмаларды орындауына, оқу мақсаттарына сай бағалау критерийлермен байланысты бағалай аламын. | Бұл сабақ өнер пәнімен байланысты. Өздері білетін әндері мен өз өмірлерін сабақтастыра отырып, оқушылардың бойында жауапкершілік пен құрметтей алу қасиеттерін қалыптастырамын. Сөйлеу барысында оқушылардың намысына тимейтін сөздерді қолдану арқылы өмір қауіпсіздігін сақтауға болады. | |||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: ән мәтіні бойынша сөйлем құрату; 2: ән тыңдау арқылы қызығушылығын арттыру. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: осы мәтінге ұқсас бейнебаян пайдалану. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? Шағын әдеби шығармаларды көбірек оқыту. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?