Т.Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, дидактикалық материал.
1.«Ата –ана жауапкершілігі» тақырыбында постер жасауға ұсынылған мәтін
«Жауапты ата-ана тұрақты түрде баламен қарым-қатынас жасап, араласып тұрады, оның қызығушылықтары мен ықыласы ауатын нәрселерінен хабардар болады.
Жауапты ата-ана тұрақты түрде баламен қарым-қатынас жасап қана қоймай, онымен мұңдас әрі сырлас болады, оның қамын жейді. Ол бала үшін әлеуметтік мекемелермен өзара әрекеттесудің толыққанды ересек тәжірибесіне – балада жоқ тәжірибеге – ие сарапшы–маман болып табылады.
Жауапты ата-ананың ең маңызды міндеттерінің бірі баланың денсаулығы мен оның өмірін сақтау мен нығайту болып табылады»
Любовь Анатолийқызы Дорожкина «Жауапты ата-ана болу»
2. Совет өкіметін барынша келеке қылған жазушы – Бейімбет. Ал осы стильді, осы мектепті ары қарай дамытып, кәдімгі қазақ әдебиетіне жаңа бір бағыт әкелгендердің бірі – Тынымбай. Өйткені Тынымбайды айтып отырып, Бейімбетке тоқталмау мүмкін емес. Соның жалғасы секілді, кез келген адам солай қарайды. Бірақ Тынымбайды Бейімбетпен бірге қоюға тағы болмайды. Мұның өзінше ұшталған стилі бар, өзінің дүниетанымы бар.
Кейде ұлы шығармаға да сын айтуға болады. Мәселе онда емес, мәселе дүниеге әдеби құбылыстың келуінде. Тынымбайдың алғашқы шығармаларында да дәл осындай болатын, ол реалист болатын.Тұңғыш повесін «Жалын» журналына басқанымыз есімде. Сонда «Жалынның» көпшілікке белгілі конкурсында бірінші сыйлық алды. Оны оқып шығып, автордың кім екенін де білмейміз, жанкүйер болып жүрдік. Кейін қарасақ, ешкім білмейтін Тынымбай Нұрмағамбетов деген жігіт болып шықты. Тынымбай әдебиетке толық қалыптасқан күйінде келді. Алғашқы повесінің өзі шын мәнінде өте жоғары деңгейде жазылған повесть болды. Сол уақыт қайталанғандай болып, төрт-бес жыл бұрын «Өркениет» журналына «Жыланның уы» деген повесін бастым. Мұнда да сол баяғы Тынымбай, ауылдың өмірін бес саусағындай жақсы біледі. Ауылдың мұңын, ауылдың қайғысын, ауыл адамдарының барлық алуан түрлі характерлерін…
Төлен Әбдікұлы
Тынымбай Нұрмағамбетов (10.6.1945 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы) – жазушы.
Қызылорда педагогика институтын (1968), Мәскеудегі М.Горький атындағы жоғары әдебиет курсын бітірген (1981). Қызылорда облысы радио комитетінде, “Жазушы” баспасында редактор, “Қазақфильм” киностудиясының сценарийлік коллегиясында түрлі қызметтер атқарған. 1996 жылдан “Қазақ елі” газеті редакторының орынбасары.
Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы “Қауын иісі” деген атпен жарық көрген (орыс тіліндегі нұсқасы үшін М.Горький атындағы Бүкілодақтық жастар сыйлығын алды, 1979). Жазушы прозасында ауыл адамдарының мінез-құлқы, олардың жан дүниесінің қыр-сыры, ұлттық сана психологиясындағы замана тудырған өзгерістер терең суреттеледі. Нұрмағамбетов жеңіл юмордың шебері, бірнеше комедиялық туындылары бар. Ол “Жоғалған көл”, “Кемпірлер үкімі” пьесаларын, “Тырналар ұшып барады” телефильмі сценарийін жазды.[1]
Біраз туындысы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылды. «Қош бол, ата» (1972), «Қарлығаштың ұясы» (1975), «Ата қоңыс» (1977) «Запах дыни» (1979), «Тұнық су» (1980), «Там где горел очаг» (1982), «Талисман» (1984), «Бәйтеректер» (1987), «Туған ауыл түтіні» (1989), «Балалық шақтың әуендері (1995), «Таңдамалы» (1997), «Айқай» (2001), т.б. кітаптары жарияланған. Сонымен қатар «Табалдырығыңа табын», «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі» пьесаларының, «Тырналар ұшып барады» телефильмі сценарийінің авторы. Жаңақорған ауданының құрметті азаматы. Халықаралық Қазақ ПЕН клубы сыйлығын алған (2000). «Құрмет» орденінің иегері (2006).
2008 жылы «Жазушы» баспасынан «Ауғандық құстар» әңгімелер жинағы басылып шығады. «Анасын сағынған бала» әңгімесі осында жарияланған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?