А.Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, дидактикалық материал.


Адамдық диқаншысы

1-оқушы: Адамдық диқаншысы қырға шықтым, Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,Көңілін көгертуге құл халықтың.Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.Оттай бер, жануарым екі аяқты,Адамдық хайуанға қанша қажет?!

2-оқушысы: Жаратқан малды Құдай не керекке-Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?Есептен алданғандай болғандар көп,Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.

Мәтіннен негізгі ойды табыңыз.

Тосын жағдай (Мәтінде қандай тосын ойға кездестіңіз?)

Мәтіннен шығар өмірлік қағида. Әңгімедегі өмірге деген құштарлықтың берілу сипаты, ерлік пен жігер.

Белгісіз және белгілі мәліметтер. Мәтіннен сізге бұрыннан таныс және таныс емес ақпараттарды белгіле.

Ойыңды суретпен бейнеле.

Тәрбиелік мәні бар қорытынды. Оқыған мәтіннен өз өміріңе, іс-әрекетіңе септігін тигізер қандай қорытынды жасадың?

Талдауды қажет ететін тақырыптар. Мәтінге сүйене отырып, осында көтерілген тағы қандай мәселені талдар едің?

[attachment=27285:5-synyp_aza-debieti_adamdy-dianshysy_didaktikaly-materialdar.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу